Басты бетМедициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлердің бейімделуі мен тәлімгерлік жұмысы талқыланды

Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлердің бейімделуі мен тәлімгерлік жұмысы талқыланды

Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлердің бейімделуі мен тәлімгерлік жұмысы талқыланды Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлердің бейімделуі мен тәлімгерлік жұмысы талқыланды Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлердің бейімделуі мен тәлімгерлік жұмысы талқыланды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – жаңа мамандарды мекеменің қызметімен таныстырып, олардың ұжымға тезірек бейімделуіне қолдау көрсету. Іс-шараға 2026 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында жұмысқа қабылданған медицина қызметкерлері, әкімшілік-басқару аппаратының және инженерлік-шаруашылық қызметтің мамандары қатысты. Кездесуге барлығы 49 қызметкер қатысты.

Бас тәлімгер Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы аурухананың құрылымы, негізгі қызмет бағыттары мен корпоративтік құндылықтары туралы таныстырылым өткізді.

Директордың емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Назгүл Құлмырзаева медициналық этика мен деонтология қағидаларын сақтау мәселелеріне тоқталып, пациенттерге мұқият қарым-қатынас жасау мен кәсіби жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Кездесу барысында сынақ мерзімінен өткен қызметкерлермен жүргізілген жұмыстар туралы да ақпарат берілді. Жаңа мамандардың бейімделуі мен тәлімгерлік тәжірибесі жөнінде консультациялық-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі Алмагүл Смағұлова, орталықтандырылған стерилизациялық бөлімшесінің меңгерушісі Еркінбек Момынбеков және №1 терапия бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Бисенғалиева баяндады.

Кездесуде сынақ мерзімінен сәтті өткен қызметкерлер – №3 хирургия бөлімшесінің процедуралық кабинетінің мейіргері Ұлжан Балмашова мен функционалдық диагностика бөлімшесінің мейіргері Тахмина Жайлаубаева да сөз сөйлеп, алғашқы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы Руслан Қабдулинов мұндай кездесулер жаңа қызметкерлердің кәсіби ортаға тез бейімделуіне және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.