Осы күнге орай Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Ауруханада «САУЫТТЫ САЛМАҚ АУМАҒЫ» атты НАУҚАН ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Диабет, жүрек-қантамыр патологиялары және буын ауруларын қоса алғанда, 200-ден астам дерттің туындау қаупін арттыратын семіздік мәселесіне назар аудару. Бүгінгі таңда әлемде 1 миллиардтан астам адам осы диагнозбен өмір сүріп жатыр және бұл көрсеткіш өсуде.
2026 жылғы бұл күннің ресми тақырыбы — «ӘРЕКЕТ ЕТУДІҢ 8 МИЛЛИАРД СЕБЕБІ. СЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ – СОНЫҢ БІРІ». Бұл ұран артық салмақ мәселесі планетаның әрбір тұрғынына қатысты екенін, ал оны шешу тек жеке күш-жігерді емес, қоғамдағы жүйелі өзгерістерді талап ететінін көрсетеді.
Науқан барысында кез келген ниет білдіруші өз салмағы мен бойын өлшетіп, дене салмағының индексі мен бел айналымын білді. Сондай-ақ, артық салмақпен байланысты қауіп-қатерлерді бағалап, мамандардан (эндокринолог, терапевт, СӨС дәрігері, диетолог, психолог) практикалық кеңестер алды.
Дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және салмақты бақылау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушысы үй жағдайында салмақты біртіндеп түсіруге көмектесетін қарапайым жаттығулар бойынша интерактивті ашық сабақ өткізді.
Акцияға 100-ге жуық адам қатысты. Аурухана келушілері, пациенттер мен қызметкерлер белсенділік танытып, іс-шараға қызығушылықпен қатысты.
Барлық қатысушыларға салмақты төмендету және аурулардың даму қаупін азайту бойынша жадынамалар, брошюралар мен чек-парақтар түріндегі үлестірме материалдар берілді.