Басты бетДӘРІЛІК ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚ (АЛЛЕРГИЯ): ҚАЛАЙ ТАНУҒА ЖӘНЕ ДҰРЫС ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

ДӘРІЛІК ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚ (АЛЛЕРГИЯ): ҚАЛАЙ ТАНУҒА ЖӘНЕ ДҰРЫС ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

ДӘРІЛІК ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚ (АЛЛЕРГИЯ): ҚАЛАЙ ТАНУҒА ЖӘНЕ ДҰРЫС ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Қауіп факторлары

  1. Жеке факторлар (кімдер қауіп тобында):
    • Әйелдер ерлерге қарағанда жиірек зардап шегеді.
    • 20-дан 49 жасқа дейінгі аралық (басқа жас топтарында сиректеу).
    • Гендердің болуы (HLA-типтері).
    • Поллиноз және тағамдық аллергия.
    • Вирустық инфекциялардың болуы (АИТВ, Эпштейн-Барр вирусы, 6-типті герпес).
    • Аутоиммундық аурулар (мысалы, жүйелі қызыл жегі).
  2. Емдеуге байланысты факторлар:
    • Қайталанатын курстар: Реакция көбінесе дәріні екінші немесе одан кейінгі қабылдауда  туындайды.
    • Енгізу жолы: Инъекциялар (көктамырға және бұлшықетке) таблеткаларға қарағанда ауыр және жылдам реакция тудырады.
    • Жиілігі мен мөлшері: Жоғары дозаларды ұзақ қолдану немесе жиі үзіліспен қабылдау сезімталдықтың ықтималдығын арттырады.
  3. Реакция тудыру бойынша «көшбасшы» дәрілер:
    • Антибиотиктер (әсіресе пенициллиндер мен сульфаниламидтер).
    • Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (аспирин, ибупрофен және т.б.).
    • Эпилепсияға қарсы дәрілік заттар.
    • Рентгеноконтрасты заттар.

Маңызды! Егер сіз қауіп тобында болсаңыз, жаңа препараттарды қабылдауды бастамас бұрын тестілеуден өту қажеттілігін дәрігермен талқылаңыз.

Реакцияны қалай тануға болады?

Реакция типі

Қашан байқалады

Негізгі белгілері

Жедел

Бірнеше минуттан 1-6 сағатқа дейін

Есекжем (қышитын күлдіреуіктер), беттің/еріннің ісінуі (Квинке ісінуі), мұрынның бітелуі, көздің жасаурауы, тыныс алудың қиындауы, іштің ауруы, терінің бірден қызаруы, бас айналу, әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі.

Баяу

Бірнеше сағаттан бірнеше күнге/аптаға дейін

Тері бөртпесі (қызылшаға ұқсас), терінің қышуы, қызба (дене қызуының көтерілуі), буындардың ауруы.

Басты ережелер:

  • Кез келген күдікті белгілер пайда болғанда препаратты қабылдауды дереу тоқтатыңыз.
  • Дәрінің атауын, мөлшерін және реакция пайда болған уақытты есте сақтаңыз немесе     жазып алыңыз.
  • Аллерголог дәрігерге көрініңіз.
  • Аллергия туралы ақпараттың сіздің электронды медициналық картаңызға енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
  • Барлық дәрігерлерге (соның ішінде стоматологтарға) аллергияңыз туралы әрдайым хабарлаңыз.
  • Өзіңізбен бірге ақпарат алып жүріңіз: «тыйым салынған» препараттың атауы жазылған карточка немесе білезік болғаны дұрыс.
  • Аналогтарды тексеріңіз: аллергия ұқсас дәрілердің бүкіл тобына таралуы мүмкін (мысалы, барлық пенициллиндерге).

Қашан жедел жәрдем шақыру керек:

  • Кенеттен болған әлсіздік, бас айналу, естен тану.
  • Тамақтың ісінуі, дауыстың қарлығуы, тамақта «түйін» тұрғандай сезім.
  • Ауаның жетіспеуі немесе сырылды тыныс.
  • Терінің кең көлемде қабыршықтануы немесе сілемейлі қабықтардағы күлдіреуіктер.

Денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!