Басты бетОрталық туралы

Орталық туралы

Эпилептология орталығы

Эпилептология орталығы 2017 жылдан бері жұмыс істейді және эпилепсия мен басқа да пароксизмальды жағдайлары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және динамикалық бақылаумен айналысады. Біз қазіргі заманғы халықаралық протоколдар мен жоғары технологиялық жабдықтарды қолданамыз, бұл диагнозды дәл анықтауға және кез келген жас пациентке тиімді терапия тағайындауға мүмкіндік береді.

Фармакорезистентті эпилепсиясы бар науқастар үшін орталықта хирургиялық емдеуге мүмкіндікті бағалау мақсатында кешенді предхирургиялық диагностика жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пациенттер халықаралық стандарттар мен клиникалық ұсыныстарға сәйкес БМЦ УДП арнайы нейрохирургиялық бөлімшесіне хирургиялық емге жіберіледі.