Басты бет«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ «Қазақстан Республик...

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Е-495 көшесі, 2-ғимарат, телефоны 8 (7172) 707978.

 

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және азаматтардың басқа тіркелген санаттарына медициналық көмекті көрсету, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын әзірлеу, қосымша кәсіби білім бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыру.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

 

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

 

1) «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «денсаулық сақтау менеджменті» («қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік; немесе «денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «денсаулық сақтау», немесе «бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе executive МВA немесе full-time дәрежесі, немесе «бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

 

2) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық  қызметінде  кемінде 5 жыл  тәжірибесінің бар болуы;

 

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;

 

Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар қатыса алмайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

 

Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

 

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атағын беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.         

 

Конкурсқа жіберілген кандидаттар 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 10-үй, «Kazyna Tower» ғимараты мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ 907-кабинетте әңгімелесуден өтеді, байланыс телефоны:                           8 (7172) 74-90-28, 87012696550.