Басты бетХабарландыру

Хабарландыру

Құрметті «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК резидентурасына түсуге ниет білдірген үміткерлер!

Резидентураның білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысу бірыңғай Резидентураның цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

Резидентураның цифрлық платформасы конкурстық іріктеудің ашықтығын, әділдігін және айқындылығын қамтамасыз етеді. Есептелген конкурстық балл негізінде жүйе әрбір резидентураның білім беру бағдарламасы бойынша үміткерлердің рейтингін автоматты түрде қалыптастырады. Рейтинг конкурстық балдардың кему ретімен жасалады.

Резидентураның цифрлық платформасы: https://residency.kz/

МАҢЫЗДЫ:

  1. Өтініш беру кезінде жеке тұлғаның қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) және құжаттардың сапалы сканерленген көшірмелері болуы қажет.
  2. Өтінішті жібермес бұрын енгізілген жеке деректердің дұрыстығын мұқият тексеріңіз.


2026–2027 оқу жылында резидентурада бір оқу жылының оқу ақысы 2000000 теңгені құрайды.

Резидентураға түсу мәселелері бойынша күн сайын дүйсенбі–жұма аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс: 13:00–14:00) Кәсіптік білім беру бөліміне хабарласа аласыз.

Мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, 2-ғимарат, L блогы, 6-қабат, 6.64-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 70-79-52, ішкі нөмірлері: 74-98, 74-94.

Резидентураға оқуға түсуге өтінім беру алгоритмі

ҚР білім алған ҚР резидентіне арналған нұсқаулық

ҚР тыс жерде білім алған ҚР резиденті емес тұлғаларға арналған нұсқаулық

ҚР тыс жерде білім алған ҚР резидентіне арналған нұсқаулық