Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургтері Fujita Health University Bantane Hospital базасында білім...

ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургтері Fujita Health University Bantane Hospital базасында білімдерін жетілдірді

ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургтері Fujita Health University Bantane Hospital базасында білімдерін жетілдірді ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургтері Fujita Health University Bantane Hospital базасында білімдерін жетілдірді ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургтері Fujita Health University Bantane Hospital базасында білімдерін жетілдірді ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургтері Fujita Health University Bantane Hospital базасында білімдерін жетілдірді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы мен Fujita Health University Bantane Hospital арасындағы ынтымақтастық аясында аурухананың нейрохирургтері Жапониядағы жетекші университеттік медициналық орталықтарының бірінде білімдерін жетілдірді.

Fujita Health University Bantane Hospital – заманауи медициналық тәжірибені, білім беру қызметін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіретін университеттік клиника әрі көпсалалы аурухана.

Ынтымақтастық Меморандум аясында жүзеге асырылды және клиникалық тәжірибе алмасу, заманауи медициналық технологияларды енгізу, бірлескен білім беру, ғылыми және емдеу жобаларын іске асыру, медициналық және басқарушы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ телемедицина бағытындағы өзара байланысты қамти отырып жалғасын табады.

Оқыту бағдарламалары мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін меңгеруге және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Мұндай ынтымақтастық медицина саласындағы озық тәжірибелер мен заманауи технологияларды клиникалық қызметке кеңінен енгізуге жол ашып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын тұрақты түрде арттыруға мүмкіндік береді.