Басты бет«НИПАХ: ЖАҢА ВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ»

«НИПАХ: ЖАҢА ВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ»

«НИПАХ: ЖАҢА ВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ»

Нипах вирусы (NiV) — Henipavirus түріне жататын, өлім көрсеткіші жоғары (40%-дан 75%-ға дейін) қауіпті зоонозды ауру (жануарлардан адамға жұғады). Ол ауыр респираторлық аурулар мен энцефалитке (мидың қабынуы) себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта арнайы емдеу әдісі немесе вакцина жоқ, сондықтан алдын алу шараларының маңызы зор.

Таралу географиясы: Ауру ошақтары Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда (Малайзия, Сингапур, Бангладеш, Үндістан) тіркелген.

Вирустың табиғи резервуары: Pteropus түріне жататын жеміс жарқанаттары (ұшатын түлкілер).

Жұғу жолдары

Жануардан адамға (зоонозды)

Адамнан адамға (антропонозды)

  • Инфекция жұқтырған жануарлармен (жарқанаттар, шошқалар, иттер, мысықтар, ешкілер, жылқылар) немесе олардың биологиялық сұйықтықтарымен (зәр, сілекей, бөлінділер) тікелей байланыс.
  • Жарқанаттардың бөлінділерімен ластанған өнімдерді (мысалы, құрма пальмасының шикі шырыны немесе жемістер) тұтыну.
  • Тығыз физикалық байланыс немесе жұқтырған биологиялық сұйықтықтармен (қан, зәр, мұрыннан бөлінетін сұйықтықтар, респираторлық тамшылар) жанасу.
  • Ластанған заттар арқылы: Вирус қалған заттармен (киім, жабдықтар, көлік және т.б.) жанасу арқылы жанама жұғу.

 

Қауіп факторлары:

  • Эндемиялық аймақтарда (Бангладеш, Үндістан, Малайзия, Сингапур және т.б.) тұру немесе сол жаққа саяхаттау.
  • Эндемиялық аймақтардағы шошқа фермаларында жұмыс істеу.
  • Науқастармен байланыста болатын медицина қызметкерлері мен отбасы мүшелері.

Инкубациялық кезең: 4 күннен 14 күнге дейін.

Аурудың ағымы белгісіз формадан ауыр жағдайларға дейін өзгеруі мүмкін:

  • Ерте симптомдар: Қызба, бастың ауруы, бұлшықет ауруы, құсу, тамақтың ауыруы, шаршау, респираторлық белгілер (жөтел, ентігу, пневмония).
  • Ауыр симптомдар мен асқынулар: Ұйқышылдық, бағдардан жаңылу, сананың бұзылуы және 48 сағат ішінде комаға немесе өлімге әкелуі мүмкін энцефалит.

Алдын алудың негізгі шаралары:

  1. Эндемиялық аймақтарда ауру жануарлармен (шошқалар, жарқанаттар) және олардың бөлінділерімен жанасудан аулақ болу.
  2. Құрма пальмасының шикі шырынын ішпеу және жемістерді жемес бұрын мұқият жуу.
  3. Қол гигиенасын сақтау: әсіресе жануарлармен, науқас адамдармен байланыстан кейін немесе медициналық мекемелерге барған соң қолды сабынмен жиі жуу.
  4. Инфекция жұқтырған адамдармен қорғалмаған тығыз байланыстан аулақ болу.
  5. Иммунитетті нығайту: Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, бөлмелерді жиі желдету.
  6. Науқастарды күту кезінде жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалану.