Басты бетҚазақстанда қант диабетіне шалдығу деңгейі, соның ішінде жасөспірімдер арасында да артып келеді

Қазақстанда қант диабетіне шалдығу деңгейі, соның ішінде жасөспірімдер арасында да артып келеді

Қазақстанда қант диабетіне шалдығу деңгейі, соның ішінде жасөспірімдер арасында да артып келеді

Қазақстан жасөспірімдер арасында қант диабетінің өсу қарқыны бойынша ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұр. Мамандардың айтуынша, бұған негізгі себеп — фастфуд, тәтті газдалған және энергетикалық сусындарды қамтитын дұрыс емес тамақтану, деп хабарлайды 24.kz.

Энергетикалық сусындар ағзаға қосымша қуат бермейді, керісінше оны қажытады. Оларды тұрақты тұтыну зейіннің төмендеуіне, үлгерімнің нашарлауына, ұйқының бұзылуына және иммунитеттің әлсіреуіне әкеп соғады. Сондай-ақ, дәрігерлер кіші жастағы балалардың сөйлеу қабілетінің тежелуін де тіркеп отыр.

Бұдан бөлек, дұрыс тамақтанбау семіздік, жүрек-қан тамырлары және психикалық аурулардың даму қаупін арттырады.

Мамандарды әсіресе мектеп асханаларында зиянды өнімдердің қолжетімділігі мен олардың басымдығы қатты алаңдатады. Сарапшылар олардың сатылымына бақылаудың жеткіліксіздігін айтып, ата-аналарды балаларының ас мәзіріне мұқият болуға шақырады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 600 000-ға жуық адам қант диабетімен ауырады және бұл көрсеткіш өсуде. Осындай қарқынмен 2030 жылға қарай қазақстандықтар арасында диабетпен ауыратындар саны 800-850 мың адамға жетуі мүмкін.