Басты бетЭндокриндік жүйенің аурулары: негізгі себептері, даму қауіптері және заманауи диагностика

Эндокриндік жүйенің аурулары: негізгі себептері, даму қауіптері және заманауи диагностика

Эндокриндік жүйенің аурулары: негізгі себептері, даму қауіптері және заманауи диагностика

Эндокриндік жүйе ауруларын бүгінде заманауи өмір салтымен байланыстырады. Тұрақты стресс, дұрыс тамақтанбау, қант пен фастфудты шамадан тыс тұтыну, қимыл-қозғалыстың аздығы және өмір сүру ырғағының жоғары болуы гормондық жүйенің жұмысына әсер етіп, жас кездің өзінде түрлі созылмалы бұзылыстардың пайда болуына алып келеді.

Қазіргі таңда 2 типті қант диабеті XXI ғасырдың инфекциялық емес індеті ретінде танылып отыр. Себебі бұл диагноз қойылған науқастардың, сондай-ақ предиабеті бар, артық салмағы және зат алмасуында бұзылыстары бар адамдардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Аурудың «жасарып» бара жатқаны да алаңдатады. Яғни дұрыс тамақтанбау мен тәтті сусындарды шамадан тыс тұтыну салдарынан балалар мен жастар арасында да жиі кездесуде. Гормондық бұзылыстардың алғашқы белгілеріне ұйқының бұзылуы, тез шаршау, шамадан тыс тершеңдік, мазасыздық және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі жатады. Ал дәрігердің тағайындауынсыз гормондар, йод немесе биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау жағдайды ушықтырып, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

ҚР ПІБ МО ауруханасында эндокриндік жүйенің ауруларын анықтау мен емдеудің заманауи әдістерінің кең спектрі қолжетімді. Пациенттер ультрадыбыстық зерттеу, ірі және ұсақ қан тамырларының доплерографиясы, биоимпеданс, электронейромиография, сцинтиграфия, МРТ және басқа да зертханалық әрі аспаптық тексерулерден өте алады. Эндокриндік бұзылыстар көбіне тек гормондық өзгерістермен шектелмей, метаболикалық, гемодинамикалық және психосоматикалық факторлармен қатар жүреді. Сол себепті әр пациентке емдеу жоспары жеке жасалып, ағзаның ерекшеліктерін ескере отырып және қажет болған жағдайда басқа бейіндегі дәрігерлердің қатысуымен жүргізіледі.