Басты бетҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығы: эпилепсияны емдеудегі заманауи мүмкіндіктер

ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығы: эпилепсияны емдеудегі заманауи мүмкіндіктер

ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығы: эпилепсияны емдеудегі заманауи мүмкіндіктер ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығы: эпилепсияны емдеудегі заманауи мүмкіндіктер ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығы: эпилепсияны емдеудегі заманауи мүмкіндіктер ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығы: эпилепсияны емдеудегі заманауи мүмкіндіктер

Эпилепсия – кез келген жаста пайда болуы мүмкін созылмалы неврологиялық ауру. Оның басты белгісі – қайталанатын ұстамалар, олар адамның денесін құрысуға, есінен тануға немесе бірнеше секундқа «қатып қалуға» мәжбүр етуі мүмкін. ДДСҰ мәліметі бойынша, әлемде шамамен 50 миллион адам эпилепсиямен өмір сүруде.

«Ұстамасы бар адамның бәрінде эпилепсия бар деген сөз емес. Ұстама кезінде мидың сигналын жазып, видеоны және аудионы тіркейміз. Осы үш файлды бірге талдау барысында егер мида эпилепсиялық ұстаманы тудыратын ешқандай өзгеріс байқалмаса, бұл адамның өз еркінен тыс болып жатқан құбылысы деп бағаланып, әрі қарай тиісті мамандарға жолданады. Өкінішке қарай, мұндай науқастар елімізде көп кездеседі», – дейді ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығының эпилептолог дәрігері Жасұлан Өтебеков.

Эпилепсияның жасына байланысты үш негізгі түрі бар: фокальды және генерализацияланған эпилепсия, эпилептикалық энцефалопатия. Фокальды эпилепсия туған күннен бастап 80-ге дейінгі кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Ал генерализацияланған эпилепсия көбіне тек балалық шақта болады. Эпилептикалық энцефалопатия – мидың даму ақауларының күрделі түрі. Мұнда тек эпилепсия ғана емес, тірек-қимыл жүйесі немесе ақыл-ой, сана-сезімнің терең бұзылыстары да кездеседі. Мұндай түрлер дәріге төзімді болып, себептері көбіне анықталмайды. Сондықтан емдеу және эпилепсияны толық жеңу қиынға соғады.

Қазақстандағы эпилепсияны кешенді түрде емдеуге мүмкіндік беретін алғашқы орталықтардың бірі – ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығы. 2018 жылы ашылған бұл орталықта диагноз қоюдан бастап, дәрі-дәрмекпен емдеуге, тереңдетілген зерттеулерге және күрделі хирургиялық операцияларға дейінгі толық жүйе енгізілген.

«Біздің орталық аталған ауруды емдеудің толық циклын қамтиды. Кеңес беру, диагностика және зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Операция эпилепсияны емдеу үшін арнайы бөлінген квота бойынша жүзеге асырылады», – деп атап өтті ҚР ПІБ МОА Эпилептология орталығының эпилептолог-дәрігері Жасұлан Өтебеков. Дәрігердің айтуынша, диагностика мен терапия дұрыс таңдалса, эпилепсияны емдеуге болады.

Орталықта эпилептологтар, нейрохирургтар, радиологтар және неврологтар бірігіп жұмыс істейді. Жыл сайын жүздеген науқас тексеріліп, мыңдаған ЭЭГ жазылады, бірнеше күрделі операция мен арнайы зерттеулер жүзеге асырылады. 2018 жылдан бері 200-ге жуық ота жасалып, олардың 67%-ы қазіргі таңда эпилепсиясыз өмір сүріп жатыр.

Эпилептология орталығы енгізген ең заманауи әдістердің бірі – стерео-ЭЭГ. Бұл инвазиялық әдіс мидың терең аймақтарына 8-ден 18-ге дейінгі контактілі электродтарды орнатып, ұстама ошағын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс терең ми қыртыстарына орнатылады және ұстама ошағын нақты көруге мүмкіндік береді.

Тағы бір заманауи әдіс – кезбе нерв стимуляторы, яғни денеге имплантацияланатын шағын құрылғы. Ол жүйке арқылы миға жеңіл электр импульстарын жіберіп, ұстамаларды азайтуға көмектеседі және дәрі-дәрмек әсер етпеген жағдайда тиімді балама болып саналады.

Көп жағдайда эпилепсияны дәрілермен бақылауға болады. Ұстамаларды күшейтетін факторларға ұйқының бұзылуы, стресс, жарық, алкоголь және дәрі қабылдамау жатады.

Эпилептология орталығының басты миссиясы – заманауи технология мен білікті мамандардың көмегі арқылы пациенттердің өмір сапасын жақсарту, ұстамаларды мүмкіндігінше азайту немесе толық тоқтату.