Басты бет18-24 қараша – Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарғатөзімділік туралы хабардарлықты арттыру а...

18-24 қараша – Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарғатөзімділік туралы хабардарлықты арттыру апталығы

18-24 қараша – Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарғатөзімділік туралы хабардарлықты арттыру апталығы

Микробқа қарсы препараттарға төзімділік (МПТ) бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтар мен паразиттердің біртіндеген мутациясы және олардың препараттарға сезімталдығының жоғалуы нәтижесінде пайда болады, бұл инфекцияларды емдеуді қиындатады және аурудың таралу, ауыр ағымы және өлім-жітім қаупін арттырады. Дәріге төзімділік антибиотиктерді және басқа микробқа қарсы препараттарды тиімділіктен айырады және инфекцияларды емдеуді біртіндеп қиындатады немесе мүмкін емес етеді.

2015 жылдың мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының алпыс сегізінші сессиясы антибиотиктерге төзімділіктің өзекті мәселесін шешу үшін жаһандық іс-қимыл жоспарын бекітті. Бұл жоспардың негізгі мақсаттарының бірі-тиімді коммуникация, білім беру және ағарту қызметі арқылы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру және МПТ мәселесіне қатысты түсінікті тереңдету.

Микробқа қарсы төзімділік мәселесі туралы Дүниежүзілік хабардарлықты арттыру апталығы – МПТ мәселесін білу мен түсінуді ынталандыруға және МПТ қалыптастыру мен тарату ауқымын қысқартуда жетекші рөл атқаратын барлық тараптарға – жұртшылыққа, «бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасын іске асыруға мүдделі сектор өкілдеріне және директивалық органдарға көмектесуге арналған жыл сайынғы жаһандық науқан.

Дереккөз: ДДҰ ресми сайты