Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аясында 14 қарашада СӨСҚО қызметкерлері МСАК эндокринологтары А.Негманова мен С. Тұрысбектің қатысуымен қант диабеті мектебінде пациенттер ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сабақ барысында 1 және 2 типті қант диабеті кезіндегі өзін-өзі басқару, өмір салты, тамақтану, ықтимал асқынулар және олардың алдын алу мәселелері талқыланды. Пациенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған проблемалық сұрақтар қойды. Қатысушыларға жадынамалар, буклеттер, өзін-өзі бақылау күнделіктері түрінде ақпараттық материалдар таратылды.