Басты бетҚР ПІБ МО Ауруханасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

ҚР ПІБ МО Ауруханасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

ҚР ПІБ МО Ауруханасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады ҚР ПІБ МО Ауруханасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады ҚР ПІБ МО Ауруханасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Қазақстан Президентінің тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде сенбіліктер мен тазалық шаралары ұйымдастырылуда. Осы бастамаға ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы да белсене қатысып, сенбілік өткізді.

Шара барысында Аурухана ұжымы бірлесіп еңбек етіп, мекеме аумағына 20 қайың ағашын отырғызды. Сенбілік ұжымның бірлігін нығайтып, қатысушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін көрсетті. Акцияның негізгі мақсаты да сол – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, жасыл желекті көбейту және табиғатты қорғауды күнделікті өмір салтына айналдыру.

Ұжым мұндай игі бастамалар қоғамға үлгі болып, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға сеп боларына сенімді. Алдағы уақытта да экологиялық белсенділікті жалғастырып, ағаш отырғызу жұмыстарын жүзеге асыруды көздеп отыр. Жалпы алғанда Аурухана аумағына 238 тал отырғызу жоспарланған. Осылайша «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп, Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінің таза әрі жасыл болуына зор үлес қосатынына сенеміз.