
Заманауи урология бүгінгі таңда пациенттерге тиімді емдеу әдістерін ұсынумен қатар, денсаулық пен өмір сапасын сақтауға жол ашатын жаңа технологияларды кеңінен қолданады. ҚР ПІБ МО Ауруханасында әлемдік тәжірибеде қолданылатын барлық түрдегі урологиялық операциялар жүзеге асырылады. Көбіне хирургиялық араласу несеп-тас ауруына жүргізіледі. Бүйрек пен зәр шығару жолдарындағы тастар қатты ауыру мен ыңғайсыздық тудырып, күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін. Операциялардың 70-80%-ы осындай жағдайдағы ауруларға жасалады. Сонымен қатар мұнда қуықасты безі, бүйрек және қуықтағы түрлі патологияларға байланысты хирургиялық оталар белсенді түрде жүргізіледі.
Қазіргі таңда урология саласындағы мүмкіндіктер ашық операциялардан бастап аз инвазивті технологияларға дейінгі барлық заманауи әдісті қолдануға мүмкіндік береді. Эндоскопиялық араласулар табиғи зәр шығару жолдары арқылы жүргізілсе, лапароскопия бірнеше кішкентай тілік арқылы патологияны жоюды көздейді. Ал роботтандырылған хирургия ең озық бағыт болып саналады. Жоғары дәлдікті, минималды жарақат және тез қалпына келуді қамтамасыз етеді. Осы әдістердің арқасында пациенттер қалыпты өмірге әлдеқайда тез оралып, операция нәтижелері жоғары тиімділік пен жақсы косметикалық әсерге ие болады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының урологиялық қызметі заманауи озық технологиялар, дәрігерлердің жоғары кәсібилігі және әр пациентке жеке көңіл бөлу арқылы үйлесім тапқан. Соның арқасында пациенттерге денсаулық, сенімділік пен өмір сапасын сыйлай отырып заманауи урологияның кең таралған және күрделі мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.