Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасында 9 ай ішінде 700-ге жуық шетелдік пациент емделді

ҚР ПІБ МО ауруханасында 9 ай ішінде 700-ге жуық шетелдік пациент емделді

ҚР ПІБ МО ауруханасында 9 ай ішінде 700-ге жуық шетелдік пациент емделді ҚР ПІБ МО ауруханасында 9 ай ішінде 700-ге жуық шетелдік пациент емделді ҚР ПІБ МО ауруханасында 9 ай ішінде 700-ге жуық шетелдік пациент емделді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы – қазақстандықтарға ғана емес, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік азаматтарға да сапалы медициналық көмек көрсететін жетекші мекеме.

Ауруханада медициналық туризмді дамыту мақсатында шетелдік пациенттерге арналған «Health is Here» бағдарламасы іске асырылған. Бұл бағдарлама шетелдік азаматтарға өтініш беріп, үздік мамандардан кеңес алуға, емін алдын ала жоспарлауға және ем басталған сәттен өз еліне оралғанға дейін толық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның арқасында биыл ҚР ПІБ МО ауруханасында 684 шетелдік медициналық турист ем қабылдады. Олардың арасында АҚШ, Қытай, Түркия, Германия, Англия, Франция, Канада, Италия, БАӘ, Үндістан, Израиль, Иран, Моңғолия, Греция, Польша, Вьетнам, Филиппин, Корея, Аустралия, Словакия, Хорватия, Нигерия, Пәкістан, Мысыр, Швеция, Бразилия, Румыния, Оңтүстік Африка Республикасы, Дания, Катар, Малайзия, Швейцария, Алжир, Конго, Бангладеш, Гвинея сияқты алыс шетелдерден келген пациенттер бар. Сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді ТМД елдерінен де науқастар жүгінді.

Аурухананың дәрігерлері жыл сайын кәсіби біліктілігін арттырып, әлемдік медицинадағы соңғы жаңалықтарды тәжірибелеріне қосып отыратынын атап өткен жөн. Сондықтан халықаралық деңгейде науқастарды сырқатының күрделілігіне қарамастан қабылдап, сапалы медициналық қызмет көрсете алады.

Серіктес клиникалармен байланыс және медициналық туризмді дамыту бөлімінің мамандары дәрігерлер мен шетелдік пациенттер арасында сенімді көпір болып, екі тараптың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Бұған шетелдік пациенттердің ризашылықпен білдірген алғыстары дәлел.