Басты бетАҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН КІШІГІРІМ ҚАДАМДАР -ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮЛКЕН НӘТИЖЕ!

АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН КІШІГІРІМ ҚАДАМДАР -ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮЛКЕН НӘТИЖЕ!

АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН КІШІГІРІМ ҚАДАМДАР -ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮЛКЕН НӘТИЖЕ!

Ақылды технология - сән емес, күнделікті денсаулықты нығайтудың ыңғайлы тәсілі.

Заманауи гаджеттер мен мобильді қосымшалар салауатты өмір салтын (СӨС) сақтауда және қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Оларды денсаулықты сақтау мен нығайтуда «жеке көмекші» ретінде қарастыруға болады.

«Жеке көмекшілердің» негізгі рөлі қандай:

1. Денсаулық жағдайын бақылау

  • Фитнес білезік, ақылды сағат, смартфондағы қосымшалар қадамдар санын, жүрек соғу жиілігін, ұйқы сапасын, белсенділік деңгейін бақылайды.
  • Кейбір гаджеттер салмақты, қан қысымын, қандағы қант деңгейін немесе оттегін бақылауға көмектеседі.

2. Әдет қалыптастыру

  • Қосымшалар мақсат ұсынады (мысалы, 10 000 қадам жасау), жаттығу немесе су ішу қажеттілігін еске салады.
  • "Геймификация" жүйесі (ұпайлар, марапаттар, челлендждер) мотивацияны арттырады.

3. Жеке ұсыныстар

  • Жиналған мәліметтер негізінде бағдарлама тамақтану, физикалық белсенділік, демалу бойынша кеңестер береді.
  • Медициналық қызметтермен және онлайн-консультациялармен интеграциялауға мүмкүндік болады.

4. Әлеуметтік қолдау

  • Көптеген қосымшалар достарыңызбен, әріптестеріңізбен бәсекелесуге және нәтижелермен бөлісуге, челлендждерге қатысуға мүмкіндік береді. Бұл командалық рух арқылы мотивацияны күшейтеді.

5. Аурулардың алдын алу

  • Дер кезінде хабарландырулар мен еске салғыштар тәуекелдерді азайтуға көмектеседі: дәрі-дәрмек туралы еске салғыштар, қан қысымын, ұйқы мен стресті бақылау.

Бастау үшін ұсынамыз:

  • Педометр/қадам санағыш қосымшасын орнату.
  • Су мен ұйқы туралы еске салғыштарды орнату.
  • Әрі қарай жаңа функцияларды біртіндеп қосыңыз.

Есіңізде болсын! Заманауи гаджеттер мен қосымшалар денсаулық сақтауды қолжетімді, жекелендірілген және ынталандыратын, СӨС-ты ыңғайлы және қызықты процеске айналдырады.

Гаджеттер мен қосымшалардың мысалдары:

  • Гаджеттер: фитнес білезік (Xiaomi Mi Band, Fitbit), ақылды сағат (Apple Watch, Samsung Galaxy Watch).
  • Қосымшалар:" Nutristeppe", Google Fit, Apple Health, MyFitnessPal, Water Reminder, Calm (стресті азайту үшін), Headspace (медитация үшін).