Басты бетҚазақстан халқы тілдері күніне орай видео-конкурс өткізілді

Қазақстан халқы тілдері күніне орай видео-конкурс өткізілді

Қазақстан халқы тілдері күніне орай видео-конкурс өткізілді Қазақстан халқы тілдері күніне орай видео-конкурс өткізілді Қазақстан халқы тілдері күніне орай видео-конкурс өткізілді

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ауруханада қызметкерлер арасында мәнерлеп оқудан «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты видео-конкурс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көркемсөз өнерін насихаттау және қызметкерлердің шығармашылық қабілетін қолдау.

Конкурсқа қатысушылардың дайындаған видеолары арнайы платформаға жүктеліп, жеңімпаздар ұжым ішінде онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды. Конкурс нәтижесі бойынша:

  • І орын – Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің мейірбикесі Ырысқұлбек Құндызай Бахытжанқызы;
  • ІІ орын – №7 хирургиялық бөлімшенің мейірбикесі Ирсалиева Малика Нұрмахаматқызы;
  • ІІІ орын – Өндірістік-техникалық қызметтің технигі Жұмағұлова Әлия Қабадуллақызы;

Сонымен қатар конкурсқа өз туындысымен қатысқан екі қызметкер ерекше аталып өтті:

  • Экстракорпоралды гемокоррекция бөлімшесінің меңгерушісі Оразбаев Ғани Әжімұратұлы,
  • Call-орталығының маманы Бекмұратова Жаннұрайым Тастайбекқызы марапатталды.

Аталған іс-шара мемлекеттік тілдің маңызын айшықтап, ұжым ішінде тіл мәдениетін дәріптеуге ықпал етті.