
ҚР ПІБ МО Ауруханасының пульмонология бөлімшесі базасында Респираторлық медицина орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарға көмек көрсететін түрлі маманды біріктіреді.
Орталық жұмысының негізгі қағидаларының бірі – көпбейінді тәсіл. Бұл дегеніміз – бір мәселені шешу үшін түрлі саланың дәрігерлері бірлесіп жұмыс істейді. Екінші маңызды қағида – дербес, яғни жеке тәсіл. Әр пациенттің жалпы жағдайы мен қатар жүретін аурулары ескеріліп, жеке емдеу жоспары жасалады.
Аурухана – Қазақстанда және бүкіл Орталық Азия өңірінде өкпенің диффузиялық қабілетін көміртек тотығымен (CO) бір рет терең тыныс алу әдісі арқылы (DLco) зерттеуді енгізіп, белсенді түрде жүргізіп жатқан жалғыз клиникалық мекеме. Сондай-ақ елімізде алғаш рет дәл осы Ауруханада бодиплетизмография (БПГ) әдісі қолданылды. Бұл – тыныс механикасын терең зерттеуге, өкпенің көлемі мен сыйымдылығын дәл анықтауға мүмкіндік беретін, Қазақстанда баламасы жоқ бірегей диагностикалық құрал.
Респираторлық орталықтың бүкіл қызметі тыныс алу мүшелері ауруларын дер кезінде әрі сапалы анықтауға, сондай-ақ дәлелді медицина қағидаларына, клиникалық хаттамалар мен халықаралық ұсынымдарға сәйкес тиімді көмек көрсетуге бағытталған.
Медорталық ауруханасының стратегиялық дамуы аясында Респираторлық орталық алдына ғылыми жетістіктерге сүйене отырып Қазақстан халқына көрсетілетін пульмонологиялық көмекті жетілдіру сынды ауқымды міндеттер қойылып отыр.