
ҚР ПІБ МО ауруханасы резидентура бағдарламалары бойынша 2025-2026 оқу жылына құжаттарды 3-25 шілде аралығында қабылдайтынын хабарлаймыз.
Резидентура бағдарламаларына мына бағыттар кіреді:
- Радиология
- Медициналық генетика
- Урология және андрология (ересектер, балалар)
- Кардиология (ересектер, балалар)
- Ересектер онкологиясы
- Оториноларингология (ересектер, балалар)
- Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
- Кардиохирургия (ересектер, балалар)
- Ядролық медицина
Резидентураға түсу емтихандары 2025 жылғы 08-16 тамыз аралығында өтеді. Оған жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданатынын айта кетейік. Толық ақпарат Аурухана сайтында көрсетілген.
Осы мамандықтарға түсу үшін өтінімдер күн сайын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.00) офлайн түрде Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, L блок, 6-қабат, 6.64-кабинетте қабылданады.
Байланыс нөмірі: +7 (7172) 70-79-52