
Кене маусымы көктемде басталады. Күн ысығансайын олардың саны мен белсенділігі артып,мамыр-маусым айларында максимумға жетеді. Алыстық пен құрғақшылық күшейгенде азайып, тамыздың соңы-қыркүйектің басында қайта пайдаболады да, қазан айында жоғалады.
Бүгін ҚР ПІБ МО ауруханасындағы Салауатты өмірсалтын қалыптастыру орталығының дәрігеріТұрдынова Гүлнар кенеден қалай қорғану керегінтүсіндіріп, бірнеше дәрігерлік кеңес берді.
Дәрігердің айтуынша, кене шаққан кезде(трансмесивті жолмен) кене энцефалитін, боррелиозды (Лайма ауруы), туляремияны және басқаауруларды тасымалдай алады. Бұл аурулар терідегікішігірім жарақаттанған жерлер мен шырыштықабаттар арқылы жұғады.
«Кене энцефалиті кезінде адамның ағзасы уланып, жүйке жүйесі зақымданады. Ол вирустық ауруғажатады. Оның белгілерінің қатарында шаққан жердегігиперемия, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, ыстығы шығу бар. Кене энцефалиті асқынып кетсе ми қабықшасы қабынып, менингит өршиді. Ауыр түрлерінде ми мен жұлын, сондай-ақ жүйке тамырлары қабынып, сал ауруына, салдарынан мүгедектікке, тіпті 2-5% жағдайда өлімгеәкеп соғуы мүмкін», - деп түсіндірді маман.
Дәрігер кене шағып алмас үшін ылғал, көлеңкежерлерден аулақ болуға, тікелей шөпке отырмай, жағасы бар, жеңі ұзын киімдер киюге және кененіүркітетін майлар жағуға, сонымен қатар еліміздіңэндемиялық аудандарының тұрғындары мен саяхатәуесқойларына тіркелген жері бойынша емханалардакене энцефалитіне қарсы екпе алуға шақырады.
«Десе де кене шағып алған жағдайда дереумедициналық мекемеге жүгіну қажет. Егер бұлмүмкін болмаса, тұмсығын жұлып алмауға тырысып, кенені өз бетіңізше алып тастауға тырысыңыз. Олүшін кенеге бір тамшы май тамызып, пинцет немесежіппен қозғалтып, біртіндеп алған дұрыс. Егертұмсығы теріде қалса, оны тікенді алғандай мұқияталып тастаңыз, орнын дезинфекциялық құралдарменөңдеп, қолыңызды жуу қажет. Содан кейін кененіжабық дымқыл мақтамен шыны ыдысқа салыпинфекцияға тексеру үшін неғұрлым тезірекзертханаға жеткізіңіз», - деп кеңес берді ГүлнарҚалимұратқызы.
Есіңізде болсын! Кене неғұрлым тез алынса, кенеинфекциясы туындау қаупі соғұрлым аз болады. Кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кенешаққаннан кейін 96 сағаттан кешіктірмей енгізуинфекцияның даму мүмкіндігін азайтады.