


2025 жылғы 16 мамырда ҚР Жоғары аудиторлық палатасында СӨСҚО қызметкерлері ҚР ПІБ БМО БМСК бөлімшесінің учаскелік дәрігері Г. Төлегенованың қатысуымен көшпелі профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: туберкулездің, кене энцефалитінің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің /аудиторлық палата қызметкерлерінің/ хабардардылығын арттыру және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікке назар аударту.
Қатысушылардың назарына «Туберкулез. Қауіп факторлары, таралу жолдары, белгілері. Алдын алу шаралары», «Сақ болыңыз! Кенелер маусымы». Учаскелік дәрігер Гүлден Төлегенова қант диабетінің қауіп факторы ретінде семіздіктің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді.
Қатысушылар тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды.
Кездесу соңында қатысушыларға аурулардың алдын алу және СӨС дағдылары бойынша ақпараттық материалдар / жадынамалар таратылды.
Оқытуға 29 адам қамтылды.