
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, JCI (Joint Commission International) аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті.
JCI аккредиттеуі – денсаулық сақтау саласындағы ең объектив және беделді халықаралық сертификат, ол сапаның «алтын стандарты» саналады және медициналық ұйымның халықаралық медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ пациент қауіпсіздігін сақтау бойынша халықаралық мақсаттарға сәйкестігін растайды.
Медорталық ауруханасы пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, медициналық қызмет сапасын халықаралық талаптарға сай үздіксіз жақсартып келе жатқанын төртінші рет дәлелдеп отыр.
АҚШ-тан келген JCI халықаралық сараптамалық комиссиясы клиниканың дәрігерлері мен мейіргерлерінің кәсіби біліктілігін тексеріп, айдит жүргізді. Клиниканың 1100 -ден астам қосымша көрсеткіші – ұйымдағы барлық бөлім мен процесс, дәрігердің емі мен мейірбике күтімінен бастап ғимарат қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, дәрі-дәрмекті қолдану, пациенттің құқығын сақтау, кадрлармен қамтамасыз етілуіне дейін JCI стандарттары бойынша бағаланды.
Бүгінгі таңда әлемнің 60-тан астам елінде 1000-нан аса мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйым JCI стандарттары бойынша аккредитациядан өткен, олардың қатарында ҚР ПІБ МО ауруханасы да бар. Аурухана алғашқы аккредитациясын 2016 жылы алып, медициналық қызмет сапасын 2019, 2022 және 2025 жылдары сәтті растады.