


2025 жылдың 28 ақпанында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері ҚР ПІБ МОА психотерапевтінің қатысуымен көшпелі профилактикалық іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің/қызметкерлерінің зиянды әдеттердің организмге әсері туралы хабардарлығын арттыру және олардың денсаулығына ортақ жауапкершілікке назар аудару.
Психотерапевт дәрігер, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.З. Мағзұмова қатысушылардың назарына «Темекі шегудің, есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын тұтынудың денсаулыққа зиянды әсері туралы» тақырыбында презентация ұсынды. Сондай-ақ жиналғандармен темекі шегу бойынша тренинг өткізілді.
Қатысушылар / тыңдаушылар тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды (темекі шегу және басқа да жаман әдеттер, алдын алу шаралары және алдын алудың ең жақсы әдістері туралы).
Семинар оффлайн форматта, сондай-ақ облыстардың аумақтық басқармаларының қызметкерлерімен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді. Кездесу соңында жиналғандарға алдын алу бойынша ақпараттық материалдар/жадынамалар таратылды. Тренинг 93 адамды қамтыды (26 қызметкер залда болды, 67 онлайн режимде қатысты).