Басты бетАУРУЛАРДЫҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ: ҚР СКРИНИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

АУРУЛАРДЫҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ: ҚР СКРИНИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

АУРУЛАРДЫҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ: ҚР СКРИНИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы 3,2 миллионнан астам азаматты қамти отырып, скринингтік тексерулердің ауқымды бағдарламасын жүргізді.

Зерттеу нәтижелері бойынша аурудың 120 мыңнан астам жағдайы ерте сатысында анықталды:

  • Артериялық гипертензияның 118 497 жағдайы (инсульт пен инфарктіге әкелуі мүмкін ең көп таралған ауру);
  • Қант диабетінің 24 901 диагнозы (соңғы жылдары біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру);
  • Глаукоманың 6265 жағдайы (соқырлыққа әкелуі мүмкін ауру).

Мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу және мақсатты топтарды кеңейту мақсатында скринингтік бағдарламаларға ӨЗГЕРІСТЕР енгізілді:

  • Eскірген зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.
    • қант диабетін диагностикалау үшін гликатталған гемоглобин (HbA1c);
    • бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;
    • жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер;
    • жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП сынағы.
  • 50-70 жастағы ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға скрининг енгізіледі (БЦА УДДГ).
  • 18 жастан асқан адамдар арасында В және С гепатиттерін анықтауға арналған жаппай скрининг жүргізу жоспарлануда (В және С вирустық гепатиттері көбінесе асимптоматикалық түрде өтеді және 65% жағдайда олар бауырдың циррозы немесе обырының дамуымен аяқталады).

Бүгінде Қазақстан халқына ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға арналған тегін СКРИНИНГ қолжетімді (ҚР ДСМ):

  1. Артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)
  2. Жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)
  3. Қант диабеті (2 жылда 1 рет)
  4. Глаукома (2 жылда 1 рет)
  5. Жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)
  6. Сүт безі обыры (2 жылда 1 рет)
  7. Колоректальды обыр (2 жылда 1 рет)
  8. Вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен артық емес)

Есіңізде болсын, скрининг әлі де емдеуге болатын ауруды ертерек анықтауға, олардың асқыну қаупін азайтуға және толық қалпына келу мүмкіндігін арттырады.

Денсаулығыңызға абай болыңыз және тіркелген емханада тегін скринингтен үнемі өтіңіз!