



ҚР ПІБ МО ауруханасында өткен халықаралық «Аллергология мен иммунологиядағы салааралық мәселелер» III ғылыми-практикалық конференциясы аяқталды.
Конференцияның ашылуында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов, ҚР ПІБ Медициналық орталығы жетекшісінің орынбасары Серік Сейтенов, ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың маңызына тоқталды.
Конференцияға Қазақстанның алдыңғы қатарлы аллерголог-мамандарымен қатар Испания, Түркия, Украина, Германия, Үндістан мен Ресейден келген аллерголог-иммунолог дәрігерлер қатысып, жекелеген симпозиумдар өткізді.
Екі күнге созылған іс-шара кезінде балалардағы бастапқы иммун тапшылығы мен туа біткен генетикалық мутациялардың онкологиялық және аутоиммунды асқынулары; тері аллергиясын емдеу: есекжем, ангиоэдема және дерматит; дәрілік аллергияны диагностикалау мен емдеудегі жетістіктер; иммундық жүйенің туа біткен ақаулары туралы; гиперэозинофилия мен гиперэозинофильді синдромдарға жаңа көзқарас; тұқым қуалайтын альфа-триптаземия және анафилаксия тақырыптары талқыланып, пікірталасқа негіз болды.