МЕТАПНЕВМОВИРУС (HMPV) - тыныс алу жолдарының ауруларын тудыратын классикалық респираторлық вирус. Адамның метапневмовирусы ондаған жылдар бойы әртүрлі елдерде таралып келеді. Вирустың белсенділігі ЖРВИ және тұмау аурулары көбейетін маусымда көрінеді.
ҚР ДСМ ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда ЖРВИ - ның 2 002 335 жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде А типті тұмаудың 910 жағдайы (H1N1), 1 жағдай-А(H3N2) және В тұмауының 30 жағдайы тіркелгенін хабарлайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусым басталғаннан бері біздің республикамызда тұмау емес вирустарға 8360 үлгі зерттелген. Оның ішінде 1866 (22%) оң сынамалар анықталды, оның ішінде ең көп таралғаны риновирус – 680 сынама немесе 36,4%, одан кейін РС вирусы – 433 (23,2%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%), парагрипп-178 (9,5%), бокавирус – 113 (6,1%) және ең соңында метапневмовирус - 30 (1,6%).
Берілу жолдары:
- көбінесе ауа-тамшы жолымен (жөтелу және түшкіру кезінде сілекей тамшылары арқылы)
- сирек байланыс-тұрмыстық жолмен (вирус жұқтырған беттер мен заттарға тию арқылы, содан кейін қол арқылы ауызға, мұрынға немесе көзге түседі).
Негізгі белгілері (ЖРВИ әдеттегі көріністері)
- жөтел
- мұрын бітелуі
- мұрыннан су ағу
- температураның көтерілуі
- ентігу
- бас ауруы
- дауыстың қарлығуы
Ересектерде инфекция әдетте жеңіл, кейде симптомсыз болады.
Инфекцияның ағымы ауыр болу қаупі бар:
- бес жасқа дейінгі балалар үшін
- 65 жастан асқан ересектерде
- созылмалы аурулары бар адамдарда
- иммун тапшылығы бар адамдарда
Емі - симптоматикалық (арайы нақты емі жоқ)
Алдын алу (қазіргі уақытта НMPV қарсы вакцинасы жоқ)
- гигиенаны сақтаңыз: жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды сүрткімен немесе шынтақпен жабыңыз;
- қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз немесе қол тазартқышты қолданыңыз;
- инфекция қаупін азайту үшін қолыңызды көзге, мұрынға және ауызға тигізбеңіз;
- теңгерімді тамақтаныңыз және қалыпты физикалық белсенділікпен айналысыңыз;
- жеткілікті ұйықтаңыз (күніне 7-8 сағат)
- адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартыңыз
- инфекция белгілері бар адамдардан аулақ болыңыз (1,5 м арақашықтық)
Егер сізде респираторлық инфекция белгілері пайда болса:
- үйде болыңыз (инфекцияны таратпау мақсатында);
- бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалаңыз;
- адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыз;
- адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көліктерде бір реттік маска тағыңыз;
- дене температурасы 38°C-тан жоғары болса, қызу түсіретін зат қабылдаңыз
- симптомдардың өршуі және жағдайдың нашарлауы кезінде өз бетіңізбен емделмеңіз, антибиотиктерді қабылдамаңыз, медициналық көмек алу үшін мамандарға жүгініңіз