Басты бетАИТВ инфекциясының алдын алу

АИТВ инфекциясының алдын алу

АИТВ инфекциясының алдын алу

«Адам – еліміздің басты құндылығы» деп Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті.

Осы бағыттардың бірі АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу болып табылады.

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселе болып қалып отыр. 2021 жылы еліміз 2030 жылға қарай жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромын (ЖИТС) жоюды және Жаһандық стратегияның мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттеме қабылдады:

  • адамның иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдардың 95%-ы өз статусын білуі керек
  • адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандардың 95%-ы ем алуы керек
  • емделушілердің 95%-да тиімді болуы керек

Алматыда 2024 жылғы 26 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні – 1 желтоқсанға арналған «Дұрыс жол – адам құқығын таңдау» ұранымен «АИТВ алдын алу және емдеудің инновациялық шаралары: саясат, зерттеулер, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  

Алғаш рет АИТВ тіркелуінің төмендеуі байқалды 2023 жылы және 2024 жылдың басында республикада АИТВ-мен өмір сүретін 32 659 адам тіркелді. АИТВ-ның анадан балаға берілуі 3,6%-дан 1,6%-ға төмендеді. ЖИТС салдарынан өлім-жітім төрттен бір есеге қысқарды. АИТВ-инфекциясы тұрақты бақылауда.  

Қазақстанда ДДҰ ұсынған барлық 12 профилактикалық бағдарлама жүзеге асырылды.

Жыл сайын профилактикалық тексерулер кезінде халық АИТВ-ға тексеріледі, соның арқасында аурудың 80%-дан астамы 1-2 сатысында анықталады. Анықталғандардың ішінде 60%-дан астамы 20-39 жас аралығындағы топта кездеседі. 

Ауруды ерте анықтау АИТВ инфекциясының алдын алу мен емдеудің маңызды басымдығы болып табылады.

АИТВ-ға жүйелі түрде тестілеуден өту әсіресе жастар үшін маңызды болуы керек. Нәтижеге қол жеткізу үшін жастар арасында, БМСК-де, жеке медициналық орталықтарда профилактикалық жұмысты ұлғайту қажет.

Елімізде АИТВ инфекциясы тегін емделеді.

Жалпы, АИТВ жұқтырған науқастар мен халықтың негізгі топтары үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылданады.