ҚР ПІБ МО ауруханасында Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында қызметкерлер арасында «Тіл мәртебесі – ел мерейі» тақырыбында эссе жазудан конкурс өтті.
Қазақстан халықтарының тілдері күнінің мақсаты – көпұлтты елдің тұтастығын сақтау, жас ұрпаққа өз халқының да, елімізде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауды насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік тілді дәріптеу.
1-орын: Балабеков Бағлан Бауыржанұлы, Ядролық медицина орталығының радиациялық қауіпсіздікті бақылау инженері;
2-орын: Ғаббасов Дастан Жасұланұлы, Ядролық медицина орталығының желдету және ауа баптау жөніндегі инженері;
3-орын: Нұрпейісова Алтын Алданышқызы, клиникалық-фармакологиялық бөлім меңгерушісі.
Эссе конкурсына белсенді қатысқаны үшін мынадай қызметкерлер марапатталады:
- Сейіт Айгерім Олжасқызы, Ядролық медицина орталығының радиоизотоптық диагностика бөлімшесінің мейірбикесі;
- Нысанбаева Бақыт Ерболатқызы, бюджетті жоспарлау, қаржылық талдау және бақылау бөлімінің жетекші маманы;
- Орынбаев Нұрхат Қуатұлы, рентгендиагностика бөлімшесінің рентген зертханашысы;
- Сыбанқұлова Әсем Уәлиханқызы, БМСК 2-бөлімшесі және 1 денсаулық пунктінің учаскелік мейірбикесі.
Конкурса жалпы 25 адам қатысып, жеңімпаздарға диплом, сертифкаттар мен кәдесыйлар табысталды.