ҚР ПІБ МО ауруханасына түрлі жағдайдағы науқастар келіп түсіп, ем алып, өз денсаулығын біздің білікті дәрігерлерге сеніп тапсырады. Соған мысал ретінде айта кетсек, Аурухананың Травматология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты травматолог-дәрігер Болат Искаков пен білікті травматолог-ортопед дәрігерлер Ануарбек Кулчаров және Мухиддин Джума-Ахунов пациенттің оң жақ жамбас буынын толық эндопротездеу бойынша операция жасады.
Науқас алғаш келгенде оң жақ жамбас буыны ауыратынын және қозғалыс шектелгенін, сондай-ақ ақсап жүретінін айтып шағымданған. Айтуынша, 7 жылдан бері осы дерттен қиналып келеді, кертартпа ем нәтиже бермеген. Сырқаты жылдар бойы асқына берген. Оған қоса науқастың қосымша аурулары да бар екен. 2015 жылы пациент бүйрегін ауыстырып ота жасатқан. Сонымен қатар жүйелі қызыл жегі дерті, гормондық тәуелділік және т.б. дерттері бар екеніне қарамастан ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті дәрігерлерінің арқасында ота өте сәтті өтті.
Қазір пациенттің жағдайы жақсы, қалыпты өмірге оралып келеді. Тіпті спортпен шұғылданып, еш кедергісіз сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндігі бар.