Басты бетС вирустық гепатиті

С вирустық гепатиті

С вирустық гепатиті

Гепатиттің даму себептерінің бірі көбінесе вирустар болып табылады. Қазіргі уақытта A, B, C, D және Е гепатиті вирусының бес түрі белгілі, олардың әрқайсысы адам денсаулығына қауіп төндіреді. Вирустық гепатитті жұқтыру жолдары әртүрлі жолдармен болуы мүмкін.

А және Е гепатиті вирусы негізінен ластанған су, тамақ және лас қол арқылы жұғады. B, C және D гепатиті вирустары қан арқылы беріледі.

С гепатиті вирусы адам организміне енген кезде бауырға әсер етеді және көбіне дер кезінде диагноз қойылмайды, өйткені ауру ауыртпалықсыз, жеңіл белгілермен ұзақ уақытқа созылады, бұл созылмалы түрге, кейіннен циррозға немесе бауырдың гепатоцеллюлярлық обырына әкеледі.

Инфекция жұқтырған адамның қаны басқа адамның қанына, зақымдалған терісіне, сілемейлі қабығына түскенде, инфекциялану болады:

  • инъекциямен есірткі қолданатын адамдарда қауіп жоғары; 
  • жеткіліксіз стерилизацияланған көпреттік құралдарды пайдаланып,  медициналық араласулар жасалған кезінде;
  • салондарда стерильді емес инелер мен басқа құралдар қолданылса, косметикалық емшаралар, маникюр, педикюр, татуировка, пирсинг кезінде инфекция болуы мүмкін;
  • үйде ұстараларды, маникюр және педикюр керек-жарақтарын бәрі пайдаланған кезде, өйткені қан бөлшектері құралдардың бетінде қалуы, ал микротравмалар кезінде вирус жараға еніп, ауру тудыруы мүмкін;
  • қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде С гепатиті вирусы жыныстық жолмен беріледі;
  • жұқтырған анадан балаға жүктілік немесе босану кезінде

С гепатиті қол алысу, сүйісу, су, ыдыс-аяқ, түшкіру немесе жөтелу, құшақтау арқылы жұқпайды. Емізу кезінде инфекцияланған анадан баланың инфекция жұқтыруы, қабынған емшектен қан нәрестенің зақымдалған ерніне түскен жағдайда ғана мүмкін болады, егер мұндай жағдайлар болмаса, емшек сүті арқылы жұқтыру мүмкін емес

С гепатитінің белгілері:

Ауру инфекция жұқтырған сәттен бастап алғашқы 6 айда байқалмайды - симптомсыз болуы мүмкін немесе симптомдар жеңіл болады, пациент оларға назар аудара қоймайды.

Жіті жағдайларда жалпы әлсіздік, шаршау, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу, жоғары температура, ішперде қуысының, буындардың ауыруы, зәрдің түсі қоңырқай тартумен және тері, көз аққабығының сарғаюымен – сары аурумен көрінеді.

Көбінесе аурудың симптомсыз ағымы байқалады.

Инфекцияны және аурудың дамуын болдырмау үшін:

  • қажетсіз косметикалық емшаралардан – татуировкалардан, пирсингтерден бас тарту; 
  • отбасының басқа мүшелеріне ұстара, маникюр және педикюр аксессуарларын, тіс щеткаларын және басқа гигиеналық құралдарды пайдалануға рұқсат бермеу;
  • инфекцияның жыныстық жолмен берілуін болдырмау үшін тосқауылдық қорғаныс заттарын (презерватив) қолдану қажет;
  • әйелдерге жүктілікті жоспарламас бұрын С гепатиті вирусына тестілеуден өту ұсынылады

Мұны білген маңызды! С гепатитіне қарсы вакцина жоқ.

Вирустық гепатит – бұл кең таралған және қауіпті ауру, оны емдеуден гөрі алдын алу оңай!