ҚР ПІБ МО ауруханасының Аритмология орталығы Германияның Киль қаласында орналасқан Кристиан Альбрехт атындағы Киль Университетінің электрофизиология және жүректі ширықтыру (кардиостимуляция) бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, аритмолог дәрігер Лян Евгений Викторовичтің қатысуымен «Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарының радиожиілікті аблациясы» тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Шеберлік сыныбы шеңберінде ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологі Аян Абдрахмановпен бірге шетелдік маман жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарына 7 ота жасады. Сонымен қатар операцияға Семей, Қарағанды және Бішкек қалаларынан келген 3 дәрігер қатысқанын айта кетейік.
Ұйымдастырылған шара аясында дәрігер Евгений Лян ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы мен басқа да мекемелердің 20-ға жуық кардиолог дәрігерлеріне жүрек ырғағының бұзылуына қатысты дәріс оқыды.