Аурухана базасында нейрохирургиялық тренинг сыныбының ашылу салтанаты өтті. Мұнда дәрігерлер, резидент дәрігерлер мен орта медициналық персонал түрлі дағдыларды оқып-үйреніп, жаңа құралдармен және құрылғылармен таныса алады. Нейрохирургиялық практикада жоғары технологиялық медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін үздіксіз білім алу міндетті екенін айта кеткен жөн.
Нейрохирургиялық тренинг сыныбында оқыту технологиялары, симуляторлар, жаттығу құралдары және нейрохирургиялық араласуларды арнайы модельдеуді қамтамасыз ететін құралдар пайдаланылады. Олардың көмегімен дәрігерлердің, резидент-дәрігерлер мен пациенті жоқ орта медициналық персоналдың кәсіби білімін, іскерлігі мен дағдыларын барынша оңтайландыруға және жетілдіруге, оқу процесінің тиімді болуына барлық жағдай жасалады.