Қазақстанға алдыңғы қатарлы медицина мамандарын тарту бағдарламасы аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында халықаралық дәрежедегі ортопед-травматолог, хирург-травматолог, Роботтандырылған ортопедиялық хирургия қауымдастығының президенті Кайхан Туран (Түркия) 15 пациентті қабылдап, кеңес берді.
Қазақстанға сапары кезінде ол ҚР ПІБ МО ауруханасының басшылығымен кездесіп, пікір алмасты. Сонымен қатар олар екіжақты серіктестікті нығайтуға уағдаласты.
Айта кетейік, Кайхан Туран – Turan & Turan Health Group және Роботтандырылған ортопедиялық хирургия орталығының негізін қалаушы және жетекшісі. Түркияда тізе және жамбас буынына роботтандырылған толық артропластика жасаған алғашқы хирург-ортопед. Сонымен қатар ол осы сала бойынша Түркиядағы тәжірибесі ең көп маман саналады.