Жыл сайын 14 қарашада бүкіл әлем қауымдастығы қант диабетімен күрес күнін атап өтеді. Инсулинді ашқан Фредерик Бантингтің туған күніне орай бұл күн таңдалып, БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесіне ресми түрде енгізілген.
Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша, әлемде қант диабеті диагнозы қойылған шамамен 537 миллион адам бар. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін артады деп күтілуде. ҚР ДСМ мәліметі бойынша Қазақстанда қант диабетімен 439 327 мың ересек және 5132 бала өмір сұреді.
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты - халықтың осы ауру туралы хабардар болуын арттыру. Осылайша, СӨСҚО қызметкерлері, Акбаян Маркабаева эндокринолог-дәрігерінің қатысуымен Денсаулық мектебі ұйымдастырылып, пациенттерге аурудың белгілері, мүмкін болатын асқынулар және диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы айтып берді.
Бұдан басқа, пациентерге аурудың заманауи диагностикалау мен бақылаудың әдістері де қол жетімді екенін, қант диабетінен емделетін барлық пациенттерге глюкометрлер және арналған тест-жолақтармен қамтамасыз етілетіні тұралы мәлімет жеткізілді. Және де пациенттерге аурудың көріністері тағы бір рет ескертілді: үнемі қатты шөлдеу, жиі несеп шығару, организмнің сусыздануы, қатты аштық сезімі, шаршау; көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің қышуы және тітіркенуі.
Тренинг аяқталғаннан кейін науқастарға қант диабеті, аяқ күтімі, ҚД кезіндегі тамақтану туралы парақшалар, өзін-өзі бақылау күнделіктері таратылды.