ҚР ПІБ Медициналық орталығы жанындағы Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ұйымдастырған «HR және Цифрлық технологиялар үйлесімі: табысты командалар үшін инновациялар» конференциясы Президенттік орталықта өтті.
Іс-шараға ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев, ҚР ПІБ МО ауруханасының Адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Сәнгүл Тугумова, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың, ірі медициналық мекемелердің, алып компаниялардың топ-менеджерлері, HR және IT-сарапшылар, бизнес-менторлар қатысты.
Конференция аясында мотивация арқылы команданы басқару, кәсіби тұрақсыздықтың себептерін болжау және жою, корпоративтік мәдениет, цифрлық гигиена, команданың эмоционалды назарын басқару сияқты өзекті мәселелер талқыланды.