Басты бетТЕМІРТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

ТЕМІРТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

ТЕМІРТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Жыл сайын екі миллиард адамға әртүрлі дәрежедегі анемия диагнозы қойылады.

Қан - адам организмінің жасушаларын қоректендіретін, соның ішінде оттегімен қоректендіретін биологиялық сұйықтық. Қандағы оттегі негізінен гемоглобинмен байланысады, ал гемоглобин эритроциттердің (қызыл қан денешіктері) құрамында кездеседі.

Қандағы гемоглобин деңгейі төмен жағдайлар анемия немесе қаназдық деп аталады.

Теміртапшылықты анемия (ТТА) – патологияның ең көп тараған түрі (ДДҰ деректері бойынша одан әлем халқының 20% зардап шегеді).

Қандағы темір деңгейі төмендеуінің (N -12,5-30 мкМ/л) және ТТА дамуының эндогенді қауіп факторлары:

  • қабыну процестеріне байланысты асқазан-ішек жолында темір сіңуінің бұзылуы,
  • тұз қышқылының гипосекрециясы,
  • С дәруменінің тапшылығы,
  • бауыр аурулары,
  • организмнің темірді шамадан тыс пайдалануы,
  • көп қан кетуге байланысты темірдің организмнен шығуы

ТТA белгілері:

  • Тәбеттің жоғалуы;
  • Үнемі шаршау сезімі және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;
  • Кішкене жүктемеден кейін ентігу;
  • Құлақтағы шу, көз алдында дақтардың жыпылықтауы;
  • Беттің, қызыл иектің, еріннің, тілдің, тырнақтың, қолдың, ішкі қабақтың бозаруы;
  • Бас аурулары;
  • Жүректің жиі соғуы (тахикардия);
  • Тітіркену;
  • Балалардың оқу үлгерімінің төмендеуі;
  • Дәм мен иістің спецификалық өзгерістері (ерекше, кейде жеуге болмайтын заттарды (бор, саз, жер, мұз, бензиннің иісі, камфора спирті және т.б.) иіскеу және жеуге ұмтылу).

ТТА салдары:

  • Балалардағы психикалық және физикалық кемістіктер;
  • жүктіліктің асқынулары және босану нәтижелері, ана мен нәрестенің қайтыс болу қаупі;
  • жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;
  • иммунитеттің әлсіреуі;
  • инфекцияларға бейімділік;
  • созылмалы аурулардың өршуі.

Алдын алу:

  • Теңгерімді тамақтану. Темір мен дәрумендерге бай тағамдарды жиі тұтыныңыз. В12: бауыр, тіл, ет, балық, көбірек жеміс пен көкөніс – алма, құрма, анар, алмұрт, шпинат, қымыздық.
  • Аскорбин қышқылы (С дәрумені) темірдің сіңуін жақсартатынын есте сақтаңыз. С дәруменінің көзі: болгар бұрышы, қарақат, итмұрын қайнатпасы, құлпынай, қызанақ, көк алма).
  • Шай мен кофені тамақтан кейін 30 минуттан кейін ішіңіз, өйткені олар темірдің сіңуіне кедергі келтіреді.
  • Жыл сайын жалпы қан анализін тапсырып, қажет болған жағдайда организмдегі заттардың жетіспеушілігін толтыратын дәрі-дәрмектерді қабылдаңыз (бұл әсіресе жүкті әйелдерге қажет).
  • Қауіп факторлары немесе анемия белгілері болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
  • Бірқалыпты физикалық белсенділікпен айналысыңыз (жаяу жүру, жүгіру, жүзу, йога).
  • Жаман әдеттерден бас тарту (темекі шегу және алкоголь).