ҚР ПІБ МО ауруханасының базасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының отырысы өтті.
Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері, ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Отырыста ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық бағынышты ұйымдарының басшылары баяндама жасады.
ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев 2023 жылдың қорытындысы бойынша аурухананың негізгі және қаржы-шаруашылық қызметінің қол жеткізілген нәтижелері туралы есеп берді. Айта кету керек, ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жыл қорытындысы бойынша аурухананың іс-шаралар жоспарын орындау 99% құрады.
Жиын қорытындысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың емдеу-профилактикалық, ғылыми, білім беру қызметін жетілдіру бойынша басым міндеттер айқындалды.