Басты бетАБАЙЛАҢЫЗ, МЕНИНГИТ!

АБАЙЛАҢЫЗ, МЕНИНГИТ!

АБАЙЛАҢЫЗ, МЕНИНГИТ!

Менингит - бұл өлім-жітім деңгейі жоғары ми мен жұлын мембраналарының ауыр инфекциялық, қабынбалы ауруы. Менингитті бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және тіпті паразиттер тудыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша бактериялық менингит ең үлкен қауіп тудырады. Менингиттің бұл түрінен шамамен әр оныншы науқас қайтыс болады және әр бесінші адам ауыр асқынуларға шалдығады (паралич, психикалық бұзылулар, сепсис, пневмония).

Инфекция көздері: ауру адам және тасымалдаушы

Инфекцияның берілу жолдары:

  • ауа-тамшы арқылы – жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде.
  • ауыз арқылы, фекалий арқылы – жеке гигиенаны сақтамаған кезде;
  • босанған кезде – жаңа туған сәби науқас анасынан не вирус тасымалдаушы анасынан жұқтыруы мүмкін;
  • тұрмыстық байланыс – науқас заттарын пайдаланғаннан жұқтыру;
  • жәндіктер мен кене шаққаннан (климаты ыстық елдерде көбірек);
  • кеміргіштерден ластанған су, тағам арқылы (суға түскен кезде);
  • науқаспен сүйіскен, жыныстық қатынасқа түскен кезде жұқтыру қаупі бар.

Менингитті барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін. Осылайша, жас балалар көбінесе В тобындағы стрептококктармен, сирек менингококктармен және пневмококктармен, жасөспірімдермен, жас және ересектер – менингококктармен, егде жастағы адамдар көбінесе пневмококктармен менингитті жұқтырады.

Негізгі белгілер аурудың себептеріне, ағымына байланысты (жіті, жітіге жақын немесе созылмалы):

  • мойын бұлшықетінің қаттылығы,
  • қызба,
  • бас ауруы,
  • жүрек айну және құсу,
  • ақыл есінің шатасуы,
  • психикалық жағдайдың өзгеруі,
  • неврологиялық бұзылулар (есту, көру қабілетінің жоғалуы, когнитивті бұзылулар),
  • құрысу, кома

Сепсис (септицемия) дамыған кезде:

  • аяқ-қолдың суық болуы;
  • буын және бұлшықет ауруы;
  • тыныстың жиілеуі;
  • диарея;
  • қою күлгін немесе қызыл бөртпе.

Нәрестелерде симптомдар кейде ересектерге тән белгілерден ерекшеленеді:

  • белсенділіктің төмендеуі және ұйқышылдық;
  • мазасыздық және тоқтаусыз жылау;
  • тәбеттің төмендеуі
  • дененің қаттылығы немесе солғындығы;
  • ісінген еңбек (бастың төбе бөлігі).

Инфекцияның алдын алу

Спецификалық - вакцинация менингитке әкелетін көптеген аурудың алдын алады. Балаларға менингитке қарсы екпені әдетте ерте жаста егеді.

Спецификалық емес

  • жеке гигиена қағидаларын сақтау.
  • егер қалада инфекция көбейсе, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармау;
  • түсуге тыйым салынатын суайдынға түспеу;
  • жеміс-жидек, көкөністі тұтынар алдында мұқият жуу;
  • қайнамаған суды ішпеу;
  • энтеровирустық ауру симптомдары пайда болған адамдармен контакт жасамау;
  • иммунитетті нығайту: денені шынықтыру, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, дәрумен қабылдау, қатты суық тигізбеу;
  • уақыттың көп бөлігі өтетін орынжайды күнделікті желдету, ылғалдап жинау;
  • эпидемиялық өршу болған кезде медициналық маска кию. 

Егер өзіңізде, балаларыңызда немесе басқа жақын адамдарыңызда аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!