«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті дәрігерлері Түркістан облысындағы жұмыс сапарында барлығы 8 күрделі операцияны сәтті жасап, 182 дәрігерлік кеңес жүргізіп, 486 медицина қызметкеріне 19 дәріс оқыды.
Атап айтқанда, ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев сол жақ ұйқы артериясының алып аневризмасын қан ағысы бағытын өзгертетін стентпен эмболизациялау және бас ми қантамырларының тарылуын стенттеу бойынша екі облыс тұрғынына күрделі операция жасап, 20 тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізді. Аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, бас аритмолог, профессор Аян Әбдірахманов Шымкент жүрек орталығында Гис будасының сол аяғын ширықтырумен электрокардиостимуляторды имплантациялау бойынша 3 операция, Түркістан облыстық ауруханада электрокардиостимулятор мен кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау бойынша 2 операция жасап, 10 өңір тұрғынын қабылдады. Сонымен қатар өңірдің 30 кардиолог пен резиденті қатысқан «Жүрек ырғағының бұзылуын интервенциялық емдеу» тақырыбында дәріс оқыды.
Бұдан бөлек, Урологиялық хирургия бөлімшесінің бас урологі, профессор Ерлан Еңсебаев бездің алып мөлшері бар науқасқа аденомэктомия операциясын сәтті жүргізіп, барлығы 20 тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізді.
Аурухананың бас кардиологі Әлия Жолдасбекова барлығы 21 науқасқа кеңес беріп, 44 қалалық аурухана дәрігеріне семинар өткізді. Ал бас онколог Назар Сейдалин барлығы 35 өңір тұрғынына дәрігерлік кеңес жүргізіп, 48 өңірдегі әріптесіне 3 презентация өткізді.
Қантамырлық хирургия бөлімшесінің қантамыр хирургі Талғат Сарсембаев 35 тұрғынға, Кардиохирургия бөлімшесінің кардиохирургі Ерлан Денеев 15 тұрғынға, эпилептолог Гүлдана Жұмабаева 16 тұрғынға тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізді. Аллергология орталығының аллерголог дәрігері Дәурен Ташенов жалпы практика дәрігерлеріне, терапевттерге «Жеке тәсілді ескере отырып, аллергиялық аурулардың патофизиологиясы. Мақсатты диагностика және емдеу» тақырыбында дәріс оқып, 10 пациентті қабылдады.
ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева «Сепсиске қарсы антибиотикалық терапия. Антибиотикке төзімділік» және «Төсек-орын қорын ұтымды пайдалану» тақырыптарында барлығы 4 шеберлік сабағын (28 қатысушы), «Клиникалық-фармакологиялық бөлімді ұйымдастыру және жұмысы. Дәрілік заттарды ұтымды және тиімді пайдалану мониторингі» тақырыбында түрлі саладағы 71 дәрігерге 2 семинар өткізді.
Сонымен қатар ҚР ПІБ МОА Емхана бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Сатыбаева «ҚР ПІБ МО ауруханасындағы амбулаториялық қызметтің заманауи мүмкіндіктері. Check-up бөлімшесінің жұмысы» тақырыбында 40 әріптесіне семинар өткізді. Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Гүлшара Әбілдинова «Мақсатты препараттарды таңдау үшін онкологиялық аурулардағы генетикалық зерттеулер» және «Генетикалық патологияны диагностикалаудың заманауи әдістері» тақырыптарында барлығы 40 қызметкерге дәріс оқыды.
Сондай-ақ Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологі Асем Карибаева барлығы 66 тыңдаушыға «Сепсис. Халықаралық ұсыныстарға шолу» тақырыбында 2 шеберлік сабағын өткізді. Ядорлық медициина орталығының дәрігері Ақбала Бекзалбек әртүрлі бейіндегі 119 дәрігерге «Ядролық медицинаның заманауи мүмкіндіктері (ПЭТ, ОФЭКТ)» тақырыбында 2 дәріс өткізді.
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы мен облыс әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.