Іссапардың үшінші күні аурухананың бас кардиологі Әлия Жолдасбекова 8 пациентке, сондай-ақ бас эндокринолог Гүлмира Туксаитова аймақтың 10 тұрғынына дәрігерлік кеңес берді.
№2 хирургия бөлімшесінің хирургі Антон Ли өңеш жарығына (грыжа) арналған лапарсокопиялық фундопликация және шап жарығының Е-ТЕР герниопластикасына 2 операцияны сәтті жүргізіп, екі тұрғынға дәрігерлік кеңес берді.
Аурухана Аллергология орталығының аллерголог дәрігері Айгүл Сыздықова «Жалпы практика дәрігері тәжірибесіндегі аллергиялық аурулар. Аллергодиагностикаға көрсеткіштер» тақырыбында өңірдің 30 дәрігеріне дәріс оқыды, сондай-ақ өңірдің 7 тұрғынына дәрігерлік кеңес берді.
Дәрігерлердің Павлодар облысына жұмыс сапарының үшінші күні ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы мен облыс әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімімен қорытындыланды.