ҚР ПІБ МО ауруханасының Аллергология орталығы созылмалы есекжем ауруын зерттеу бойынша GA²LEN UCARE орталықтарының халықаралық желісіне ресми түрде еніп, сертификатталғаны бүгінгі күннің басты қуанышты жаңалығы болып отыр.
GA²LEN компаниясының есекжем анықтамалық орталықтары (UCARE) 43 елде 160-тан аса орталықтың басын біріктіреді, соның нәтижесінде осы өзекті аллергологиялық мәселемен айналысатын әлемдегі ең үлкен желіге айналған.
Қазіргі уақытта есекжемнің ауыр түрлері анықталған пациенттерді емдеу ісін жүргізуде теориялық және практикалық тәжірибені кеңейту, есекжем туралы заманауи білімді тарату, білім беру қызметін жүзеге асыру, аурудың пайда болуы мен даму барысы, оны емдеу, аурудың өршуінің алдын алу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу GA²LEN UCARE орталықтары арқылы бірлескен тәжірибемен жүзеге асырылады.
– Бүгін біз сертификатталғанымызға және UCARE жаһандық желісінің анықтамалық орталықтарының біріне айналғанымызға, өз тәжірибемізді еліміздегі барлық әріптесімізбен бөлісе алатынымызға өте қуаныштымыз. Бұл арқылы ауыр созылмалы есекжеммен ауыратын науқастарға ауру бетін қайтару мен өмір сапасының жоғары деңгейіне жетуіне көмектесуге дайынбыз. Аудитті жүргізген Аллергологтер және клиникалық иммунологтер қауымдастығының президенті, ҚР медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанат Испаеваға және Аллергология орталығындағы әріптестеріме қажырлы еңбегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. ҚР ПІБ МОА Аллергология орталығы еліміздің екінші анықтамалық орталығы атанды, – дейді ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллерголог-иммунологы, Аллергология орталығының басшысы Ғалия Түсіпбекова.
Аурухананың Аллергология орталығын Қазақстандағы есекжем созылмалы ауруына шалдыққандарға заманауи және нәтижелі ем жүргізудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашқан белесімен құттықтаймыз!