ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Қарағанды облысындағы сапардың екінші күнін сәтті қорытындылады.
Аурулардың алдын алуда диагностикалау, заманауи әдістерімен бөлісу, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, күрделі операциялар жасаудағы жаңаша әдістермен бөлісу мақсатындағы іссапардың екінші күнінде ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 2 күрделі операция жасады және 20 тұрғынды жеке қабылдады. Сондай-ақ өңірдің 15 медицина қызметкері қатысқан 1 дәріс оқыды.
Сонымен қатар іссапардың екінші күні Урологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр Қасымов лапароскопиялық нефрэктомия (бүйректі алып тастау), лапароскопиялық пиелопластика және қуықасты безінің лапароскопиялық аденомэктомияна 3 операция жасады және 2 дәрігерлік кеңес жүргізді. Бұдан бөлек, №2 хирургия бөлімшесінің хирургтері Талғат Оразов пен Антон Ли минигастрошунттау және пластик диафрагмалау бойынша 2 операцияны сәтті өткізді.
Сондай-ақ аурухана дәрігерлері өңірдің медициналық қызметкерлеріне өз саласын дамыту мақсатында жүйеленген жұмыстары жөнінде дәрістер оқып, тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, аурухана директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаеваның «Сепсиске қарсы антибиотикалық терапия. Клиникалық жағдайларды талдау» тақырыбындағы дәрісіне 40 адам қатысты. «Сепсис. SSC – 2021 ұсынысына шолу» тақырыбындағы Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологі Ғалия Шарипованың дәрісін тағы 40 адам тыңдады. Клиникалық-фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісованың «Микробиологиялық зерттеулерді тиімді сепсис терапиясының құралы ретінде түсіндіру» дәрісіне тағы сонша адам қатысқанын және дәріхана қызметкерлері Клиникалық-фармакологиялы