Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері Қарағанды облысындағы жұмыс сапарының алғашқы күнінде 9 күрде...

ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері Қарағанды облысындағы жұмыс сапарының алғашқы күнінде 9 күрделі операция жасады

ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері Қарағанды облысындағы жұмыс сапарының алғашқы күнінде 9 күрделі операция жасады

«ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы күндері» аясында ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті дәрігерлері Қарағанды облысындағы жұмыс сапарының бірінші күнін аяқтады.

Бағдарлама кестесіне сәйкес директордың хирургия жөніндегі орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 3 күрделі операция жасады: оң жақ омыртқа артериясының интракраниальды стенозын стенттеу және екі операция сол жақ ішкі ұйқы артериясының интракраниальды стенозын стенттеу. Сондай-ақ өңір тұрғындарына 6 консультация және 20 медицина қызметкердің қатысуымен 1 дәріс оқыды.

Урологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр Қасымов және уролог дәрігер Айгүл Абдрахманова шағын перкутанды нефролитотомия әдісімен тесу арқылы бүйрек тастарына 3 сәтті операция жасады.

Жалпы хирургия дәрігерлері Талғат Оразов пен Антон Ли 2 операция жасады: минигастрошунттау және ниссен бойынша лапароскопиялық фундопликация, сондай-ақ 2 консультациялық қабылдау жүргізді.

Оториноларинголог дәрігер Арман Нағұманов 1 операция жасады: полиптерді алып тастаумен эндоскопиялық синусотомия.

Аурухананың бас гастроэнтерологі Бақытжан Биімбетов 40 медицина қызметкеріне онлайн және офлайн форматта презентация өткізді. Сонымен қатар дәрігер 12 тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізді.

Аллергология орталығының меңгерушісі Ғалия Түсіпбекова өңір дәрігерлеріне «ЖПД тәжірибесіндегі аллергиялық аурулар. Аллергодиагностикаға көрсеткіштер» тақырыбында дәріс оқыды, сондай-ақ 13 пациентке кеңес берді.

Бас эндокринолог Гүлмира Туксаитова өңірдің эндокринолог дәрігерлеріне 2 дәріс оқып, 11 науқасқа кеңес жүргізді.

Cheсk-up бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Тұңғышбаева «МОА амбулаториялық қызметінің мүмкіндіктері» және «Сheck-up бөлімшесінің жұмысы» тақырыптарында 2 танымдық презентация өткізді, оларды тыңдауға 44 медицина қызметкері қатысты.

№4 терапия бөлімшесінің пульмонолог дәрігері Мадина Есенгелдинованың «Ұзақ әсер ететін бронходилататорлардың өзекті комбинациясы. Gold 2023 жаңартылған ұсыныстары» тақырыбындағы дәрісіне 40 тыңдаушы келді. Сондай-ақ дәрігер халыққа 9 консультациялық қабылдау өткізді.

Жұмыс сапарының бірінші күніндегі маңызды оқиға ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Қарағанды облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды, ол өңір тұрғындарына дәрігерлерден тегін кеңес алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда ауыр науқастарға емделуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, келісім өңірдің медициналық персоналын инновациялық технологияларға оқыту, диагностика, емдеу және оңалту, сондай-ақ жаңа медициналық технологияларды енгізу саласында тәжірибе алмасуды көздейді.