Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасының жетекші акушер-гинекологі жүкті әйелдердің жиі кездесетін сұрақтарына жау...

ҚР ПІБ МО ауруханасының жетекші акушер-гинекологі жүкті әйелдердің жиі кездесетін сұрақтарына жауап берді

ҚР ПІБ МО ауруханасының жетекші акушер-гинекологі жүкті әйелдердің жиі кездесетін сұрақтарына жауап берді

Алғашқы жүктілік – әйел өміріндегі ең маңызды кезең. Сондықтан медициналық бақылаудағы асқан мұқияттылық болашақ ана мен сәбиінің саулығы мен жүктіліктің біркелкі өтуіне кепілдік екенін ескерген жөн. Ендеше жүктілік туралы ең маңызды және кең таралған сұрақтардың жауабын ҚР ПІБ МО ауруханасының 18 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты жетекші акушер-гинеколог дәрігері Жанна Ковальчуктің сұхбатынан оқи аласыздар.

– Қалай дені сау бала көтеруге болады?

– Дені сау әйел дені сау баланы дүниеге әкеледі. Бұл үшін ата-ананың екеуі де алдын ала дайындалуы қажет. Барлық қажетті тексеріс отбасын жоспарлау кабинетінде жүргізіледі. Жоспарланған жүктілікке дейін ата-ана өз денсаулықтарын сауықтырғаны жөн, соның арқасында жүктілік сау фонда өтеді. Бұл дені сау баланы көтеру және босану мүмкіндігін едәуір арттырады.

– Қандай дәрумендер ішу керек? 

– Әр әйелге дәруменді жүктіліктің триместрі, жалпы әл-ауқаты және дәруменнің тапшылығына қарай акушер-гинеколог жеке ұсынып, тағайындайды.

– Болашақ ана өз денсаулығына қандай күтім көрсете алады? Жүкті әйелдерге қатысты қандай тыйымдар бар және қандай тыйымдар негізсіз саналады?

– Болашақ ана үшін күн тәртібі, уақытылы тамақтану (пирамида бойынша), таза ауада серуендеу, жақсы психоэмоционалды көңіл күй (позитивті ойлау, жағымды музыка) және қалыпты физикалық белсенділікті (бассейн, жүкті әйелдерге арналған йога, физиотерапия) сақтау маңызды.

Жүктілік кезінде болмайды: ауыр көтеру, шамадан тыс физикалық белсенділік, физикалық және моральдық тұрғыда қатты шаршау, күйзеліс, ыстық моншалар (қызып кету, булану), ішімдік, темекі шегу, сондай-ақ ұшақпен ұзақ ұшу.

– Балада әртүрлі ақаулар мен синдромдарға не себепші болуы мүмкін?

– Бала денсаулығындағы ақауларға ұрықтағы хромосомалық бұзылыстар, созылмалы инфекциялар, жедел жұқпалы аурулар, әйел денесіндегі гормоналды бұзылыстар әсер етеді.

Ұрықта болуы мүмкін ауытқудың генетикалық қаупін анықтау үшін жүкті әйелдер генетиктің тексерісінен өтеді. Жүкті әйел бірінші триместрдің 12-13-інші аптасы және 6-ншы күнінде  мойын аймағының қалыңдығын және мұрын сүйектерінің болуын анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеуден өтеді, содан кейін қан тапсырады (РАРР, HCG). Талдау нәтижелерінен кейін генетиктің қайта кеңесін алады. Қажет болса, жүкті әйелге қосымша тексеру әдістері ұсынылады (амниоцентез, кордоцентез, NIPT). Ұрықтың 20 апталығындағы ультрадыбыстық зерттеуде баланың дамуы, ұрықжолдас пен кіндік жағдайы бағаланады. Бүгінгі заманауи тексеру әдістерінің арқасында ұрықтың дамуында ақаулары бар баланы дүниеге әкелу ықтималдығы өте төмен.

– Жүкті әйел қай кезеңдерде қандай талдаулар мен медициналық тексерулерден өтуі керек?

– Әйел 12 аптаға дейін диспансерлік бақылауда болуы керек. Әрі қарай акушер-гинекологтің қарауына енеді. Жалпы клиникалық қан талдауы, зәр талдауы, терапевт, генетик, психолог, белгілі бір уақытта ультрадыбыстық кеңестер жүргізіліп тұрады.

– Спортпен айналысуға болады ма?

– Аз-аздан және абайлап айналысуға болады. Спорттық жаттығулар жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесін қалыпқа келтіреді, метаболизмді жақсартады, артық дене салмағының өсуіне, ісінудің пайда болуына жол бермейді, жамбас бұлшықеттерін күшейтеді, бұл босану процесіне жағымды әсер етеді.

– Қандай жағдайда шұғыл түрде ауруханаға бару керек?

– Іштің төменгі бөлігінде және бел аймағында ауырсыну, қызыл түсті бөліністің пайда болуы, қағанақ суының ағуы, жүрек айну, құсу, дене температурасының жоғарылауы, тез таралатын ісіну, кенеттен бас ауруы, көру қабілетінің нашарлауы, көздің алдында майда шіркейлердің байқалуы жағдайларында  ауруханаға қаралу қажет.

– Жүктілікті басқару үшін акушер-гинекологті қалай таңдауға болады? Неліктен жүкті әйелдер ҚР ПІБ МО ауруханасының Акушерлік-гинекологиялық бөлімшесін таңдайды, артықшылықтары қандай?

– Жүкті әйелге ең алдымен дәрігер жайлы болуы керек. Дәрігер жоғары мамандандырылған, тәуекелі жоғары әйелдерді басқару дағдылары мен перзентханада тәжірибесі, ультрадыбыстық зерттеу маманының сертификаты бар болғаны абзал. Жүкті әйел мен дәрігер арасында сенімді қарым-қатынас болуы керек – бұл жүктілікті басқаруға оңды әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы ҚР ПІБ МО ауруханасының акушер-гинекологтерінде бар сипаттамалар болғандықтан, жүкті әйелдер біздің бөлімшені таңдап келеді. Сондай-ақ мамандандырылған акушерлік бөлімшені жабдықтау маңызды. ҚР ПІБ МО ауруханасы нақты және уақытылы тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи озық жабдықтармен қамтамасыз етілген.