ҚР ПІБ МО ауруханасына Кореяның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері бастаған Корея Республикасының делегациясы келді. Делегация құрамында KHIDI, KOTRA сияқты озық денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ 10-нан астам медициналық орталықтар мен туристік агенттіктердің өкілдері болды.
Қонақтарға Аурухананың денсаулық сақтау саласындағы мүмкіндіктері мен инновациялық жетістіктері, Severance госпиталімен серіктестік шеңберінде құрылған Check-up бөлімшесінің жобасы, клиникалық-диагностикалық мүмкіндіктер және Орталық Азияда баламасы жоқ Аурухананың Ядролық медицина орталығы таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша KHIDI – Кореяның Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтымен меморандум жасасу арқылы Корея Республикасының медициналық ұйымдарымен әріптестікті кеңейту жоспарлану үстінде.