Басты бет29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні

29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні

29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні 29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні

Дүниежүзілік жүрек күні – бұл жаһандық денсаулық сақтау науқаны. Оның негізгі міндеті – жүрек-қантамыр аурулары, олардың пайда болу себептері және алдын-алу жолдары туралы хабардарлықты арттыру.

Жүрек-қантамыр аурулары (ЖҚА) бүкіл әлемде өлімнің негізгі себебі болып табылады, жыл сайын шамамен 17,9 миллион адам қайтыс болады. Жүрек-қантамыр аурулары – бұл жүректің ишемиялық ауруы, ми қантамырлары аурулары, ревматикалық жүрек ауруы және басқа патологияларды қамтитын жүрек және қан тамырлары аурулары тобы.  ЖҚА-дан қайтыс болған бес адамның төртеуінен астамы инфаркт пен инсульт салдарынан қайтыс болады, бұл өлім жағдайларының үштен бірі мезгілсіз және 70 жасқа дейінгі адамдар арасында байқалады.

Жүрек ауруы мен инсульттің ең маңызды қауіп факторлары – дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмен деңгейі, темекі шегу және алкогольді көп мөлшерде тұтыну. Қауіп факторларының әсері жоғары қан қысымы, қандағы глюкоза немесе липидтердің жоғарылауы, артық салмақ немесе семіздік түрінде көрінуі мүмкін. Бұл «аралық қауіп факторлары» алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелері деңгейінде анықталуы мүмкін және инфаркт, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі және басқа асқынулар қаупінің өршуін көрсетеді.

Темекіні тастау, тұзды аз тұтыну, жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну, тұрақты физикалық белсенділік және алкогольді көп мөлшерде тұтынудан бас тарту жүрек-қантамырлары ауруларының даму қаупін азайтатынын дәлелдеді. Салауатты мінез-құлықты ынталандыру үшін салауатты өмір салтына жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін және оның экономикалық қолжетімділігін арттыратын денсаулық сақтау саласында саясат жүргізу аса маңызды болып табылады.

Мезгілсіз өлім-жітімнің алдын алудың шарты - ЖҚА қаупі жоғары барлық адамдарды анықтау және оларға тиісті ем беруді қамтамасыз ету. Қажетті емдеуді ұсынудың және оған мұқтаж жандарға консультация берудің маңызды шарты - бастапқы буындағы мекемелерде инфекциялық емес ауруларды диагностикалау және емдеу үшін қажетті тиісті дәрілік препараттар мен базалық медициналық технологиялардың болуын қамтамасыз ету.

Дереккөз: ДДҰ ресми сайты