Басты бет › Кайкенов Берік Талғатұлы

Кайкенов Берік Талғатұлы

Кайкенов Берік Талғатұлы – хирургия жөніндегі директордың орынбасары.2026 жылғы мамыр айынан бастап аталған лауазымда қызмет атқарады.

2019 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК-де хирургиялық қызметтің басшысы лауазымынан еңбек жолын бастаған.

Еңбек қызметі барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен наградталған.

Білімі:

  • 2004 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Мамандандыру бағыттары:

  • Ангиохирургия;

  • Жалпы хирургия.

Аурухананың төмендегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді:

  • Хирургиялық қызмет;

  • №1-9 хирургиялық бөлімшелер;

  • Трансфузиология кабинеті бар операциялық блок;

  • Рентгенхирургия бөлімшесі;

  • Роботталған хирургия орталығы;

  • Эндоскопия бөлімшесі;

  • Патологоанатомиялық бөлімше;

  • ОСБ

  • Ақпараттық-аналитикалық орталық (медициналық статистика бөлімі және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімі).