Басты бетСӨСҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУІ ТУРАЛЫ

СӨСҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУІ ТУРАЛЫ

СӨСҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУІ ТУРАЛЫ СӨСҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУІ ТУРАЛЫ СӨСҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУІ ТУРАЛЫ

2023 жылғы 13 қыркүйекте Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері Оқу-ағарту министрлігінде «Тұмау мен ЖРВИ алдын алу бойынша жедел эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарына» сәйкес, сондай-ақ «Салауатты сандарға жет!» атты салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурудың алдын алу бағдарламасын іске асыру аясында көшпелі іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша халықтың хабардардарлығы мен назарын арттыру, гипертония дамуын қоздыратын қауіп факторлары мен оның асқынуларына назар аудару.

Терапевт дәрігер Б. Бекішұлы «Тұмау. ЖРВИ, алдын алу» тақырыбында презентация ұсынды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әдіскер-дәрігері Г. Сақанова «Жоғары қан қысымы және жүрек-қантамырлары қаупі» тақырыбында баяндама жасады.

Тыңдаушылар тақырыптарды талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарын қойды (вакцинация, алдын алу шаралары және алдын алудың ең жақсы әдістері туралы).

Кездесу соңында қатысушыларға осы тақырыптардағы жаднамалар таратылды. Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 54 қызметкері қатысты.