Басты бетСАҚ БОЛЫҢЫЗ, СІБІР ЖАРАСЫ! АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

САҚ БОЛЫҢЫЗ, СІБІР ЖАРАСЫ! АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

САҚ БОЛЫҢЫЗ, СІБІР ЖАРАСЫ! АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

Статистика көрсеткендей, Қазақстанда жыл сайын дерлік жануарлар мен адамдарда сібір жарасы тіркеледі. Соңғы оқиға ағымдағы жылдың 28 тамызында Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауыл аумағында тіркелген. «Үшқарасу» ЖШС-нің ауыруға шалдыққан барлық жұмысшылары ауру малдың етін өңдеу және жою кезінде байланысқа түскен.

Республикамыздың аумағында сібір жарасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өлім-жітім деңгейі жоғары осы аса қауіпті инфекция туралы ақпаратты ұсынамыз.

Сібір жарасы – жіті, аса қауіпті инфекция, ойық жаралы гангреналы дерматит деп те аталады.

Қоздырғышы: спора түзетін бактерия (Bacillus anthracis). Споралар тірі организмнен тыс сыртқы ортада түзіледі, физикалық және химиялық әсерлерге төзімділігі жоғары, жануар немесе адам ағзасына түскенде, олар асакүшті әсерлі у – экзотоксин бөледі.

Инфекция көздері: ауру ауыл шаруашылығы жануарлары (ірі қара мал, жылқы, есек, қой, ешкі, марал, түйе және т.б.). Ауру жануар қоршаған ортаға зәрмен, нәжіспен, сілекеймен қоздырғыш шығарады.

Жұқтыру жолдары:

  • Жанасу арқылы (ауру малды күту, малды сою, тері, жүнді өңдеу, қоздырғыш спораларымен ластанған зақымдалған тері арқылы);
  • Ауа-шаңды жолмен (споралары бар ластанған шаңды, сүйек ұнтағын жұту арқылы);
  • Алиментарлық (ауру малдың шикі/термиялық өңдеуден дұрыс өтпеген етін жегенде);
  • Адамнан адамға жұғуы байқалған жоқ.

Клиникалық формалары мен белгілері:

  • Тері (көбінесе кездеседі) – алдымен теріде қызарған қышыма қызыл дақ пайда болады, кейін ол қан аралас көпіршіктерге, содан кейін стропқа/сібір жарасының карбункулына айналады (ортасында қара түсті, шеттері сары, білігі қою-қызыл)
  • Өкпе (сирек) – дене қызуының көтерілуі, кеуде қуысының ауыруы, ентігу, қан қысымының төмендеуі, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, қанды жөтел (жара/строп лимфа түйіндерінде пайда болады).
  • Асқазан-ішек (өте сирек) – қызба, іштің ауыруы, қанды диареямен құсу (жара/строп асқазанда пайда болады).

Өлім көрсеткіші 10%-дан (тері түрінде) 100%-ға дейін (өкпе түрінде) өзгеруі мүмкін.

Емдеу, аурудың түріне қарамастан, сібір жарасына қарсы арнайы глобулин мен антибиотиктерді қолданудан тұрады.

Емдеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тиімді нәтижеге жету мүмкіндігі жоғары болады!

Профилактика ветеринариялық (жануарларды егу; ауру жануарларды анықтау және оқшаулау, малдың өлі денесін өртеу; ауру объектілерді құрамында хлор бар препараттармен залалсыздандыру; сібір жарасымен ауыратын малды және оның өнімдерін жою) және медициналық-санитариялық шараларды жүргізуден тұрады:

  • Кездейсоқ базарлардан жеке тұлғалардан ет сатып алмаңыз!
  • Ветеринариялық мөрі болмаса және сатушының ветеринариялық ілеспе құжаттары болмса ет сатып алмаңыз.
  • Шикі етпен жұмыс істегенде қолғап киіңіз.
  • Тұтынбас бұрын етті жақсылап термиялық өңдеуден өткізіңіз.
  • Егер эндемиялық аймақта тұрсаңыз немесе қоздырғышы болуы мүмкін топырақпен, жануарлармен немесе материалдармен жұмыс істесеңіз, дәрігеріңізбен вакцинациялау мүмкіндігін талқылауыңыз керек.
  • Ауыл шаруашылығында немесе бактериялардың әсер ету қаупі бар басқа ортада жұмыс істесеңіз, қолғап пен қорғаныс киімін киіңіз.
  • Инфекция белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
  • Ауру жануарлармен немесе жұқпалы материалмен байланыста болған адамдарды 2 апталық белсенді медициналық бақылау қажет.

Есіңізде болсын! Алдын алу шаралары, әсіресе қауіпті аймақта болсаңыз, сібір жарасын жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі.